Ойыл ауданындағы кіреберіс жол қайта пайдалануға берілді Өңірде жолдар мен көпірлерді қалпына келтіру мәселесі өзекті. Әзірге облыстағы 11 елді мекенмен жол қатынасы уақытша үзіліп тұр. 10 елді мекенмен көлік қатынасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Ойыл ауданында биылғы су тасқыны кезінде кіреберіс жолды су шайып кетті. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайырдың сөзінше, жол саласының мамандары аталған 1,5 шақырымдық жолды қалпына келтірген. Жалпы, Ойыл ауданында облыстық маңызы бар 1 жолды су шайса, аудандық маңызы бар 3 жолды су бұзды. Ақтөбе облысында су тасқынының алдын алу және салдарын жою бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен жедел штаб отырысы күн сайын өткізіледі.
«Биылғы су тасқыны кезінде Ойыл ауданына кіреберіс жолды су шайып кеткені белгілі. Бүгін осы жол ашылып, жол қозғалысы қалыпқа келтірілді. Ойыл ауданы тұрғындарына айтарымыз, көпір бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақстан жол ғылыми институтының мамандары мұнда тиісті жұмыс жүргізді. Енді жобалық-сметалық құжаттар дайындалады. Қазір мердігер мекеме анықталды. Бір апта мерзімде мердігер ұйым техникаларын әкеліп, құрылыс жұмыстарын бастайды»,- деді жоспарларымен бөліскен Айбек Қайыр. Басқарма басшысы ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстарға тұрғындарды түсіністікпен қарауға шақырды.
Подъездная дорога к селу в Уилском районе вновь введена в эксплуатацию Вопрос восстановления дорог и мостов в регионе актуален. Временно прервано дорожное сообщение с 11 населенными пунктами. Сейчас ведутся работы по установлению транспортного сообщения с 10 селами. Дорогу на подъезде к селу Уил размыло во время паводка. По словам руководителя управления пассажирского транспорта и автомобильных дорог Айбека Кайера, отремонтировано 1,5 км данной автодороги. В целом по Уилскому району были повреждены 1 дорога областного значения и 3 дороги районного значения. В Актюбинской области продолжаются работы по предотвращению наводнения и ликвидации последствий паводка. Заседание штаба проходит каждый день под председательством акима области Асхата Шахарова.
«Сегодня была открыта дорога на подъезде к Уилу. Движение транспорта по ней возобновилось. Но к сведению жителей района, продолжается ремонт моста. Мост был обследован специалистами Казахстанского дорожного научно-исследовательского института. Теперь разрабатывается проектно-сметная документация. Подрядчик уже определен. В течение недели сюда завезут оборудование и начнутся строительные работы»,- сообщил Айбек Кайер. Глава ведомства призвал местных жителей с пониманием отнестись к ситуации и проведению ремонтных работ.
Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi