Подведены итоги работы полиции в первом квартале 2025 года

Полицияның бірінші тоқсанда атқарған жұмысы қорытындыланды
Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі белгілеген “Заң және тәртіп” қағидатын іске асыру шеңберінде 9 сәуірде Ақтөбе облысының полиция департаментінде полициямен 2025 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыс қорытындысы шығарылды.
Жедел кеңес ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Садановтың төрағалығымен және барлық жеке құрамның қатысуымен өтті.
Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов профилактика жылы шеңберінде өңірде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жүзеге асырылған жұмыстың нәтижелері, сондай-ақ өңірдегі криминогендік ахуал туралы баяндады.
Есепті кезеңде қылмыс деңгейінің және құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерінің айтарлықтай төмендеуі байқалады. Үш айдың ішінде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, бұзақылық, алаяқтық (соның ішінде интернет-алаяқтық), мүлікті ұрлау, мал ұрлығы және қоғамдық орындарда, мас күйінде жасалған қылмыстар саны айтарлықтай азайды.
Жиында ІІМ өкілі жұмыстың жаңа форматына көшу қажеттігіне назар аударды. Жұртшылықпен өзара ынтымақтастықты нығайту, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі қылмысына және мал ұрлығына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды күшейту жөнінде нұсқаулар берді. Кәмелетке толмағандар арасындағы және отбасы-тұрмыстық саладағы қылмыстардың алдын алу жөніндегі жұмысты жандандыруға және алаяқтық пен есірткі қылмыстарына қарсы күресте цифрлық технологияларды кеңінен қолдануға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, кеңесте облыста жол-көлік оқиғаларының өсуі орын алып отырғаны, оларды талдау нәтижелері мен жол апаттарының алдын алу мәселелері де кеңінен талқыланды.
Өткен кезеңде орын алған кемшіліктер де назардан тыс қалған жоқ. Бұзушылықтарға жол берген басшылар тыңдалып, алдағы уақытта осындай кемшіліктерді жою және алдын алу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Жиыннан кейін полиция генерал-майоры Арман Саданов Ақтөбеде қаласы ПБ базасындағы жаңа Жедел басқару орталығы, Психологиялық көмек орталығына арнайы барды, сондай-ақ, ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының жеке құрамымен кездесіп, жұмысымен танысты. ​

Подведены итоги работы полиции в первом квартале 2025 года

9 апреля в Департаменте полиции Актюбинской области состоялось оперативное совещание, на котором были подведены итоги работы за первый квартал 2025 года. Мероприятие прошло в рамках реализации принципа «Закон и порядок», обозначенного Главой государства и Министром внутренних дел Республики Казахстан.
Совещание проводилось под председательством начальника Департамента собственной безопасности МВД РК Армана Саданова и с участием всего личного состава.
Начальник Департамента полиции Актюбинской области Абай Жусупов доложил о результатах работы по обеспечению правопорядка в регионе в рамках Года профилактики, а также о текущей криминогенной обстановке.
В отчетном периоде наблюдается значительное снижение уровня преступности и отдельных видов правонарушений. Так, за три месяца значительно сократилось количество убийств, причинения тяжкого вреда здоровью, грабежей, хулиганства, мошенничества (в том числе интернет-мошенничества), кражи личного имущества, кражи скота и преступлений, совершенных в общественных местах и в состоянии алкогольного опьянения.
На совещании представитель МВД акцентировал внимание на необходимость перехода на новый формат работы. Были даны указания по укреплению взаимного сотрудничества с общественностью, усилению мер по противодействию организованной преступности, наркопреступлениям и кражам скота. Особое внимание было уделено активизации работы по профилактике преступлений среди несовершеннолетних, семейно-бытовым преступлениям и широкому использованию цифровых технологий в борьбе с мошенничеством и наркопреступлениями.
Кроме того, на совещании обсудили рост дорожно-транспортных происшествий в регионе. Представлены результаты анализа ДТП, а также вопросы предупреждения дорожно-транспортных происшествий.
Не остались без внимания и недостатки, имевшие место в прошедшем периоде. Руководители, допустившие нарушения, были заслушаны, и даны конкретные поручения по устранению и предотвращению подобных недостатков в будущем.

Источник.https://www.instagram.com/polisia_aqtobe/reel/DIOZi-qsD2e/

Просмотров: 165
Категория: 
АктобеИнфо