Полицейлер ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне жанар-жағармай жеткізуде
Республикалық маңызы бар "Самара-Шымкент" автожолындағы көлік кептелісі тарқады.
Қолайсыз ауа райының салдарынан жолда қалған 3000-нан аса жүк көліктерінің колоннасы Қызылорда бағытында қозғалыстарын жалғастырды.
Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерімен бірлесіп отыны таусылған жүргізушілерге жанар-жағармай жеткізу бойынша жұмыстар жүргізуде.
Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, қозғалыс 50-100 автокөліктен, арасына үзіліс жасап жүзеге асырылуда.
Учаскеде әлі де қарқынды жұмыстар жалғасуда.
Полицейские доставляют ГСМ водителям большегрузов
Заторы на автодороге республиканского значения "Самара-Шымкент" разблокированы.
Из-за неблагоприятных погодных условий колонна из 3000 большегрузных машин, оставшихся на дороге, продолжила движение в направлении Кызылорды.
Сотрудниками полиции совместно с местными исполнительными органами проводится работа по доставке ГСМ водителям у которых закончилось топливо.
Для обеспечения безопасности на дороге движение осуществляется с перерывом между 50-100 автомобилями.
На участке все еще продолжаются интенсивные работы.