Полицейлер студент жастарды тарихи орынға апарды
Жастарға танымдық тәрбие беру, рухани және ұлттық құндылықтарды насихаттау, бабалардың батырлығын дәріптеу, тарихын құрметтеу, әрі мақтан етуге баулу мақсатында 14 және15 қараша күндері Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері студент жастарды қазақ халқының біртуар ұлы, халық батыры Есет Көкіұлы кесенесіне алып барды. Ақтөбе қаласынан 44 шақырым жердегі Бестамақ ауылында орналасқан Есет батыр кесенесі - бірден-бір тарихы терең көркем ескерткіш.
Қазақстанның киелі жерлер географиясына енген тарихи орынға екі күнде полицейлермен бірге 23 колледжден барлығы 100 студент барды. Олар кесенеде тарихи тұлғаның рухына зиярат етіп, құран бағыштады. Сонымен қатар, Есет батыр мемориалдық кешенін аралап, батыр бабаның ғибратты ғұмыры, қайсар батырлығы, ұрпақтары мен рухты сөздері туралы мол мәлімет алды. Әсіресе, XVIII ғасырдан жеткен батырдың сауыты мен тарихи хаттар жастарға ерекше әсер етті.
«Әрбір жас ұрпақ өз елінің терең тарихын, бабаларының ерлік істерін білуі және жадынан шығармауы тиіс. Мұндай тарихи экскурсиялар олардың патриоттық сезімін арттырып, бабалардың теңдесі жоқ ерлігін бағалап құрметтеуге, жастардың рухани дамуына, батылдық, адамгершілік сезімдерін нығайтуға үлкен ықпал етеді деп ойлаймыз» - дейді Ақтөбе қаласы ПБ ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы Ботакөз Жалекешова.
Полицейские организовали для студентов экскурсию на сокральное место
В целях повышения патриотизма у молодежи, воспитания духовных и национальных ценностей, почтение героизма предков, формирования уважения и гордости за свою историю, а также профилактики правонарушении среди подростков, 14 и 15 ноября сотрудники Депатамента полиции Актюбинской области организовали экскурсию для студенческой молодежи в мавзолей великого сына казахского народа, полководца Есет батыр Кокиулы.
Мавзолей Есет батыра - красивый и изящный исторический памятник на могиле народного защитника, который находится у села Бестамак, в 44 километрах города Актобе.
Историческое место, вошедшее в сакральную географию Казахстана, за два дня вместе с полицейскими посетили более 100 студентов из 23 колледжей. В мовзолее молодые люди совершили молитвенный обряд. Далее посетили мемориальный комплекс Есет батыра, где получили подробную и содержательную информацию о жизни великого предка-полководца, его героических поступках, также о его потомках. Уникальные экспонаты и доспехи времён известного батыра, хранящиеся в музее, вызвали неподдельный интерес у молодежи.
«Молодое поколение должно знать и помнить историю своей страны, героизм предков. Считаем, что подобные исторические экскурсии, будут способствовать повышению их патриотизма и духовному развитию. Ведь изучение истории родной земли может стать отличным толчком для того, чтобы молодой человек захотел стать достойным потомком своих предков» - отметил начальник отдела ювенальной полиции УП города Актобе Ботакоз Жалекешова.