Полицейские помогли иностранцам, оказавшимся пленниками непогоды

Полицейлер қарлы боранның құрсауында қалған шетелдіктерге көмектесті

7 ақпанда Ақтөбе облысы полиция департаменті Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Самара-Шымкент автожолында қолайсыз ауа райы жағдайында күшейтілген патрульдеу кезінде түнгі мезгілде  қарлы боранның салдарынан жолда қалған автобусты анықтады.

Тәжікстаннан Ресей Федерациясына бағыт алған автобус салқындатқыш жүйесінің ақауына байланысты  Хромтау қаласының Ақжар ауылының маңында істен шыққаны белгілі болды. Қазақстан Республикасы азаматының басқаруындағы автобуста Тәжікстан Республикасының 66 азаматы, оның ішінде  14 әйел адам мен 4 кәмелетке толмаған балалар болды.

Патрульдік полиция жасақтары Ақжар ауылдық округі әкімімен бірлесіп,  екі сағаттан астам уақыт бойы  өз күшімен жолда қалған жолаушыларды эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп, оларды үш  шақырым қашықтықтағы жол бойындағы  кемпингке жеткізді. Мұнда олар жылынып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Эвакуацияланған тұлғалардың ішінде медициналық көмекке мұқтаж адамдар болған жоқ.

Полиция департаменті азаматтарды аса қажеттіліксіз елді мекендер аумағынан шықпауға шақырады.

 

Полицейские помогли иностранцам, оказавшимся пленниками непогоды

7 февраля сотрудники роты патрульной полиции Департамента полиции Актюбинской области во время усиленного патрулирования в неблагоприятных погодных условиях на автодороге Самара-Шымкент, ночью вблизи поселка Акжар Хромтауского района  среди снежной бури обнаружили  стоящий на дороге автобус. Установлено, что пассажирский автобус вышел из строя  из-за поломки охлаждающей системы.

В салоне автобуса под управлением гражданина Казахстана, находились 66 граждан Республики Таджикистан, в том числе 14 женщин и 4 несовершеннолетних детей, которые следовали с Таджикистана в направлении Российской Федерации.

Наряды патрульной полиции совместно акиматом Акжарского сельского округа в течении двух часов своими силами оказали помощь по эвакуации людей. Эвакуированные лица были помещены в ближайщий кемпинг, где были обеспечены горячим питанием.  

Среди эвакуированный лиц нуждающихся в медицинской помощи не было. 

Департамент полиции призывает граждан не выезжать за пределы населенных пунктов без особой необходимости.

 

 

Просмотров: 167
Категория: 
�����