Полицейскими установлена подозреваемая «помогавшая» оформить кредит односельчанам

Ауыл тұрғындарына несие рәсімдеуге «көмектескен» әйел анықталды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жәбірленушілердің өздері келіп, күдіктіден ұялы телефон арқылы несие алуға көмектесуін сұрағаны анықталды. Күдікті әйел ауыл тұрғындары сұраған сомадан көп мөлшерде несие рәсімдеп, оның бір бөлігін өзі алып отырған.

Мысалы, күдікті өзінің ұялы телефонында орнатылған қосымша арқылы көршісіне 1 млн теңге сомасында несие ресімдеп, оған небәрі 500 мың теңге аударып, қалған бөлігін өзіне қалдырған.

Зардап шеккендер банктен хабарлама ала бастағанда алдаудың құрбаны болғанын білген.

Бүгінгі таңда 6 жәбірленуші анықталды, жалпы шығын шамамен 4 млн теңгені құрады. Күдікті ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Полиция департаменті азаматтарды қаржылық операциялар кезінде мұқият болуға және мұны бөгде адамдарға сеніп тапсырмауға шақырады.

 

Полицейскими установлена подозреваемая «помогавшая» оформить кредит односельчанам

В ходе досудебного расследования установлено, что потерпевшие сами просили подозреваемую помочь оформить кредит с мобильного телефона. Предприимчивая женщина оформляла кредит на сумму больше чем просили сельчане, часть которой она присваивала.

К примеру, подозреваемая через приложение, установленное на своем мобильном телефоне оформила кредит на сумму 1 млн тенге на соседку, а перечислила ей всего 500 тысяч тенге, остальную часть оставила себе.

 Пострадавшим стало известно, что они стали жертвами обмана, когда стали поступать уведомления с банка.

На сегодняшний день установлено 6 потерпевших, общий ущерб составил около 4 млн тенге. Денежные средства подозреваемая успела потратить на свои нужды.

По факту мошенничества проводится досудебное расследование.

         Департамент полиции призывает граждан быть внимательными при совершении финансовых операции.

 

 

 

 

 

Просмотров: 197
Категория: 
�����