Полиция помогла многодетной матери оформить документы

Полиция көпбалалы анаға құжаттарын ресімдеуге көмектесті

Полиция көпбалалы анаға құжаттарын ресімдеуге көмектесті. Шымкент қаласының 39 жастағы тұрғыны Наталья – Ресей Федерациясының тумасы. Ол 1998 жылы анасымен бірге Қазақстанға келген. Алайда 16 жасқа толғаннан кейін тұрақты тіркеудің болмауына байланысты құжаттарды уақтылы ала алмаған. Шымкент полициясының көші-қон қызметі “Сана Сезім” үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп, әйелді азаматтығы жоқ адам деп танып, тиісті құжаттарды алуға көмектесті. Кейін Наталья өзінің күйеуі – Қазақстан азаматымен ресми түрде некеге отырды. Бұл оған жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алуға өтініш беруге мүмкіндік сыйлады. Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенцияға және “Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы” заңға сәйкес 2024 жылы ол азаматтыққа қабылданып, жеке куәлік алды. Наталья күйеуімен бірге тоғыз бала тәрбиелеп отыр. Қазіргі уақытта көпбалалы ананың барлық құжаттары тиісті түрде ресімделген. Айта кетейік, ІІМ құжаттары жоқ адамдарды анықтау және олардың құқықтық мәртебе мәселесін шешу бойынша жұмыс жүргізіп келеді.

Полиция помогла многодетной матери оформить документы

Полиция помогла многодетной матери оформить документы. 39-летняя жительница Шымкента Наталья является уроженкой Российской Федерации. В Казахстан она прибыла вместе с мамой еще в 1998 году. Однако по достижению 16-летнего возраста не могла своевременно получить документы из-за отсутствия постоянной регистрации. Миграционная служба полиции Шымкента совместно с неправительственной организацией “Сана Сезім” помогла женщине признать ее лицом без гражданства. После получения соответствующих документов Наталья официально зарегистрировала брак со своим мужем – гражданином Казахстана, что в дальнейшем позволило ей подать заявление на гражданство в упрощенном порядке. В соответствии с Конвенцией о гражданстве замужней женщины и законом “О гражданстве Республики Казахстан” в 2024 году она была принята в гражданство и получила удостоверение личности. Наталья с мужем воспитывают девять детей. В настоящее время все документы многодетной матери оформлены должным образом. Отметим, что МВД проводит кампанию по выявлению лиц без документов и помогает им решить проблемы с правовым статусом.

Источник.https://www.instagram.com/polisia_aqtobe/reel/DB0IdDrSJ4w/

Просмотров: 199
Категория: 
�����