Полиция призывает жителей  не поддаваться уловкам мошенников

Полиция тұрғындарды алаяқтарға алданбауға шақырады

Полиция қызметкерлерінің үздіксіз ескертулеріне қарамастан, азаматтардың алаяқтарға алдану деректері азаймай отыр.

Олардың бірінде алаяқтар банк қызметкері ретінде хабарласу арқылы аңғал тұрғындардың атына ірі көлемдегі несиелер рәсімдесе, бірінде  «Ватсап», «Инстаграм» қосымшалары  арқылы шығып, азаматтардың ақшасын көбейтуге уәде беру арқылы оларға өз еріктерімен ақша аудартады.

Мысалы, 10 тамызда қалалық полиция басқармасына тұрғындардан алаяқтық фактілері туралы бірнеше арыз түсті. Қаскүнемдер жәбірленушілерге «Инстаграм», «Ватсап» желілері арқылы  шығып,  ақшасын көбейтетініне уәде беру арқылы  4 ақтөбеліктің ақшасын заңсыз иеленген.  Келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгеден 700 000 мың теңгеге дейінгі  соманы құрайды. Олардың барлығында да жәбірленушілер банктік қосымшалар арқылы алаяқтарға өздері қаржы аударған.

Сондай-ақ, 10 тамызда полицияға 41 жастағы қала тұрғыны өзін банк қызметкері ретінде таныстырған алаяққа алданғаны туралы арызданды.  Нәтижесінде жалған банк қызметкері жәбірленушінің  2 миллион теңгеге жуық ақшасын иеленген.  

Барлық деректер бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (алаяқтық) бойынша қылмыстық істер қозғалды.  Тергеу жүргізілуде.

Ақтөбе облысының полиция департаменті тұрғындарды қырағы болуға, бейтаныс адамдарға ақша аудармауға, телефон арқылы ешқандай жеке деректерді бермеуге, күмәнді қосымшаларды жүктемеуге шақырады.  

Полиция призывает жителей  не поддаваться уловкам мошенников

Несмотря на неоднократные предупреждения полиции, жители Актобе продалжают попадать на уловки  мошенников.

Злоумышленники оформляют крупные кредиты на имя доверчивых граждан, представившись  сотрудниками банков, а также через мобильные приложения «Ватсап», «Инстаграм» обманным путем, под предлогом приумножения денежных средств убеждают жителей добровольно переводить деньги на свои банковские счета.

К примеру, только 10 августа в городское управление полиции поступило несколько заявлений от жителей о фактах мошенничества. Злоумышленники незаконно завладели деньгами 4 актюбинцев, пообещав потерпевшим быстро приумножить деньги. Жертв они находили через мобильные приложения «Инстаграм» и «Ватсап». Сумма причиненного ущерба потерпевшим составляет от 50 тысяч до 700 000 тысяч тенге. Во всех случаях жертвы сами переводили деньги  мошенникам через банковские приложения.

Также, 10 августа в полицию обратился 41-летний актюбинец о факте мошенничества. Мошенники, представившись работником банка обманным путем под предлогом оформления кредита, завладели денежными средствами в сумме  около 2 миллионов тенге.

По всем фактам возбуждены уголовные дела по ч.2 ст.190 УК РК (мошенничество). Ведется расследование.

Департамент полиции Актюбинской области призывает жителей быть бдительными, не переводить деньги незнакомым людям, не передавать личные данные по телефону, не скачивать на гаджеты сомнительные приложения.

Просмотров: 139
Категория: 
�����