Полиция возбудила уголовное дело в отношении подростка, сообщившего о ложном акте терроризма

Полиция қызметкерлері  терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген  жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғады

1 ақпанда  сағат 10.00 шамасында 112 телефонына қала мектептерінің бірінде  теракт әзірленіп жатқаны және оқушыларға қауіп төніп тұрғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел қызметтер тексеру барысында хабарламаның жалған екенін анықтады.

Полиция қызметкерлері мән-жайды зерттеу кезінде қоңырау шалушы осы мектептің жоғары сынып оқушысы екенін анықтады.  Жалған хабарламаны жасау үшін 16 жастағы жасөспірім сыныптасының телефонын  пайдаланғаны белгілі болды.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.    Естеріңізге сала кетейік,  терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Сонымен қатар, аталған кәмелетке толмағанның ата-анасын да жауапкершілік, әрі жалған хабарлама салдарынан жедел қызметтерге келтірілген шығынды өтеу  күтіп тұр.

Полиция возбудила уголовное дело в отношении подростка, сообщившего о ложном акте терроризма

1 февраля около 10.00 часов на телефон 112 поступило сообщение о том, что в одной из школ города готовится теракт и учащимся угрожает опасность. Прибывшие на место происшествия оперативные службы в ходе проверки установили, что сообщение было ложным.

Сотрудники полиции при проведении оперативно-розыскных мероприятий установили  звонившего, им оказался старшеклассник этой школы. Оказалось, для ложного звонка 16-летний подросток воспользовался телефоном одноклассника.

По факту заведомо ложного сообщения об акте терроризма  полицией возбуждено уголовное дело, проводится досудебное расследование.

Напомним, что уголовная ответственность за заведомо ложное сообщение об акте терроризма начинается с 14 лет. Кроме того, родителей несовершеннолетнего также ждет ответственность и возмещение затрат оперативным службам в результате ложного сообщения.

 

 

 

 

Просмотров: 250
Категория: 
�����