Помощь иностранцам и водителю сломавшегося автобуса оказали полицейские в Актюбинской области

Ақтөбе облысында полицейлер жолда қалған автобус жүргізушісі мен шетелдіктерге көмектесті
Елімізде ауа райы күрт нашарлады. Салдарынан кеше түнде Ақтөбе облысында республикалық жолдар жабылды. Тәулік бойы жұмыс істейтін полиция қызметкерлері жол қозғалысын реттеп, көлік жүргізушілеріне көмектесіп жатыр.
7 қарашада Ырғыз ауданы Қалыбай ауылының маңындағы Самара — Шымкент тасжолында Ресейден Тәжікстанға бағыт алған Van Hool рейстік автобус жолда тұрып қалды. Салонда 56 шетелдік жолаушы, оның ішінде 4 кәмелетке толмаған бала болды.
Тәртіп сақшылары адамдарды эвакуациялап, кемпингке орналастырды. Медициналық көмекке мұқтаж адамдар болған жоқ.
Полиция қызметкерлері азаматтарды ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда барынша сақ болуға шақырады.

 Помощь иностранцам и водителю сломавшегося автобуса оказали полицейские в Актюбинской области
Ночью в области из-за непогоды были закрыты республиканские дороги. Полиция круглосуточно регулирует движение и оказывает помощь водителям.
7 ноября на трассе Самара — Шымкент, недалеко от поселка Калыбай, сломался рейсовый автобус Van Hool, следовавший из России в Таджикистан. Внутри находились 56 иностранцев, в том числе 4 несовершеннолетних.
Патрульные оперативно эвакуировали пассажиров и разместили их в кемпинге. Никто не нуждался в медпомощи.
Напоминаем всем участникам дорожного движения быть внимательными и осторожными, а также заранее планировать поездки.

Источник.https://www.instagram.com/polisia_aqtobe/reel/DCD-WoRsBot/

Просмотров: 200
Категория: 
�����