Порядка $1 млрд составил товарооборот Актюбинской области с Россией

Ақтөбе облысы мен РФ арасындағы тауар айналымы 21%-ға өсті  Ақтөбе облысы мен Ресей Федерациясы арасындағы биылғы тауар айналымы 1 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл облыс экономикасына тиесілі барлық тауар айналымының 32%-ын құрады. Шағын және орта бизнес өз алдына, облыс аумағында бірлескен бірнеше ірі компания жұмыс істеп тұр. Ақтөбе индустриялық аймағында орналасқан бұл зауыт жылына 5 млн шаршы метр қыш плитасын шығарады. Тауардың 50%-ы ішкі нарықта саудаланса, тең жартысы Ресейге жөнелтіледі. Кәсіпорын өкілдері қазақстандық өнімге көрші мемлекетте сұраныс жоғары дейді. Ағаділ Жұмаділ, жоба менеджері:- Бұл зауыт сәтті жүзеге асырылды деп айта аламыз. Сондықтан қосымша қаржы бөліп, өндіріс ауқымын кеңейтуді жоспарладық. Қазір зауыттың үшінші кезеңін салуды көздеп отырмыз. Заман талабына сай жаңа плитка түрлері жасалады. Бастапқыда жылына 4 млн шаршы метр тауар өндірсе, кейін 8 млн шаршы метрге дейін жеткізу ойда бар.

Ақтөбе Ресейдің 47 облысымен тұрақты экономикалық байланыс орнатқан. Тауар айналымы жыл санап артып келеді. Мәселен, былтырғы көрсеткіш 1 млрд 400 млн АҚШ доллларын құраса, биылғы жылдың 8 айының өзінде 1 млрд АҚШ долларына жетіп отыр. Өсім деңгейі 21%-ға жеткен. Досжан Әлібеков, облыстық Индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысы: - Осы Ресейдің Челябинск, Свердловск және Башкортостан деген өңірлерімен және Москва қаласымен тауар айналымы жоғары деңгейде тұр. Біздің экспорт жасайтын тауарларымыз ол кен түрінде. Мыс, мырыш және хром кені. Ал біз Ресейден қазіргі таңда қантты импорт жасап жатырмыз, басқа да жартылай фабрикаттарды.

Қазір Ақтөбе облысында Ресей мен қазақстандық 700-ге жуық бірлескен кәсіпорын бар. Қос тарап металлургия мен жеңіл өнеркәсіп, құрылыс және көлік-логистикасы салаларын қамтыған. Өңірде жаңа өндіріс орындарын салуға ниетті инвесторларға да мүмкіндік мол. Тиісті инфрақұрылыммен қамтылған Ақтөбе индустриялық аймағынан бөлек, көлемі 800 гектар болатын жаңа экономикалық аймақ құрылысы аяқталуға жақын.

Порядка $1 млрд составил товарооборот Актюбинской области с Россией  Около млрд долларов США составил в этом году товарооборот Актюбинской области с Российской Федерацией. Россия остаётся главным партнёром региона, на долю которого приходится 32% от общего оборота товаров. Актюбинская область активно торгует с 47 регионами Российской Федерации. В прошлом году товарооборот с соседней страной достиг отметки в 1,4 млрд долларов США. А за 8 месяцев этого года он уже составил 1 млрд долларов, показав рост в 21%, говорит руководитель управления индустриально-инновационного развития Досжан Алибеков. Досжан Алибеков, руководитель управления индустриально-инновационного развития Актюбинской области: – Наиболее экспортируемые товары – это хромовая руда, медная руда. А то, что импортируется с РФ – это сахар, полуфабрикаты из металла и другие товарные позиции. Основными межрегиональными партнерами являются Оренбургская, Челябинские области, Москва и Башкортостан.

Половину продукции, выпускаемой на этом заводе, экспортируют в Россию. В год здесь изготавливают 5 млн квадратных метров керамогранита. Спрос на подобный товар большой, поэтому производство намерены расширить. В проект инвестируют 20 млрд тенге. Это позволит создать 350 новых рабочих мест, делится планами менеджер проекта Агадиль Жумадиль. Агадиль Жумадиль, менеджер проекта: – Этот завод успешно реализован, работает на успешном опыте, мы продолжаем дальше инвестировать в развитие, расширение производства. Планируется строительство третьей очереди, там будет производиться уже другой формат плитки, получается новая тенденция. Производственная мощность составит 4 млн квадратных метров, но с будущим расширением до 8 млн.

В регионе сейчас действуют порядка 700 совместных казахстанско-российских предприятий. Инвесторам в регионе помогают, прежде всего, с подведением инфраструктуры. На территории Актобе завершают создание новой специальной экономической зоны площадью свыше 800 гектаров. Здесь планируют реализовать проекты в сфере металлургии, лёгкой промышленности, строительной индустрии, а также транспортно-логистического направления.

Источник: «24.kz»

Просмотров: 156
Категория: 
�����