Посол Узбекистана в Казахстане ознакомился с потенциалом Актюбинской области

Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Ақтөбе өңірінің әлеуетімен танысты Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиер Ибрагимовпен кездесті. Кездесу барысында Ақтөбе облысы мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Облыс әкімі екі елдің тату көршілік қатынастары мен тығыз өзара іс-қимыл сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді байланыстардың белсенді дамуына ықпал ететінін алға тартты. Айтып өткен жөн, екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастар қазірдің өзінде белсенді дамуда. 2024 жылдың қаңтар–қазан айларында Ақтөбе облысының Өзбекстан Республикасымен сыртқы сауда айналымы 40 млн АҚШ долларын құрады. Тауарлардың экспорты бидай, ұн, күнбағыс майы және мұнай өнімдері сияқты позицияларды қосқанда 29,3 миллион АҚШ долларына жетті. Өз кезегінде импорт 10,7 млн долларды құрады, ондағы негізгі тауарлар – жеміс-көкөніс өнімдері, тұрмыстық техника, жаңғақтар, кептірілген жемістер, киім және тоқыма.

Посол Узбекистана в Казахстане ознакомился с потенциалом Актюбинской области Аким Актюбинской области Асхат Шахаров встретился с Чрезвычайным и Полномочным послом Республики Узбекистан в Казахстане Бахтиёром Ибрагимовым. В ходе встречи были обсуждены вопросы двустороннего сотрудничества, направленного на укрепление стратегического партнерства между Актюбинской областью и Узбекистаном. Аким области отметил, что добрососедские отношения и тесное взаимодействие между двумя странами способствуют активному развитию взаимовыгодных связей в торгово-экономической и культурно-гуманитарной сферах. Стоит отметить, что торгово-экономические отношения между нашими странами уже активно развиваются. За январь–октябрь 2024 года внешнеторговый оборот Актюбинской области с Республикой Узбекистан составил 40 млн долларов США. Экспорт товаров достиг 29,3 млн долларов США, включая такие позиции, как пшеница, мука, подсолнечное масло и нефтепродукты. В свою очередь, импорт составил 10,7 млн долларов, где основными товарами стали плодоовощная продукция, бытовая техника, орехи, сухофрукты, одежда и текстиль.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 139
Категория: 
�����