Мұғалжар ауданындағы өндіріс орындары алдағы жоспарларымен таныстырды Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімовтің жұмыс сапары Мұғалжар ауданында жалғасты. Сапар аясында аудан әкімі Дархан Ермағанбетов Батпақкөл, Қайыңды ауылдық округтерінде және Қандыағаш қаласында орналасқан кәсіпорындардың жұмыстарын көрсетті. Абзал Әбдікәрімов алдымен Батпақкөл ауылдық округінде орналасқан Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінің, «Жаңажол ГТЭС» ЖШС-нің, «Казахойл» ЖШС-нің жұмыс жоспарларымен танысты. Бұдан кейін «Казгеоруд» ЖШС-нің және «AltynEX Company» АҚ-ның атқарып жатырған жұмыстарын қарап, Алтынды ауылының тұрғындарымен кездесті. Сапар соңында облыс әкімінің орынбасары Қандыағаш қаласындағы минералды мақта шығаратын «КазТермогрупп» ЖШС-нің, силикатты кірпіш шығаратын «Неохим» ЖШС-нің өндірістерінің даму жобаларымен танысып, биоэтанол шығаратын «Кентавр» ЖШС-нің алға қойған мақсатты жұмыстарының орындалу барысын тыңдады. Жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.
Предприятия Мугалжарского района представили свои производственные планы Заместитель акима Актюбинской области Абзал Абдикаримов в ходе рабочей поездки следующим посетил Мугалжарский район. Аким района Дархан Ермаганбетов ознакомил его с деятельностью предприятий, расположенных в Батпаккольском, Кайындинском сельских округах и городе Кандыагаш. Сперва Абзал Абдикаримов побывал в Жанажольском нефтегазоперерабатывающем комплексе, ТОО «Жанажол ГТЭС», ТОО «Казахойл», находящихся в Батпаккольском сельском округе. После осмотрел предприятия ТОО «Казгеоруд» и АО «AltynEX Company», затем встретился с жителями села Алтынды. После этого заместитель акима области ознакомился в Кандыагаше с инвестиционными проектами ТОО «КазТермогрупп», производящим минеральную вату, ТОО «Неохим», выпускающим силикатный кирпич, а также заслушал ход реализации целевых работ, предложенных ТОО «Кентавр» по производству биоэтанола. По итогам поездки заместитель акима области поставил перед руководящими лицами конкретные задачи.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi