Жоғалған жылқыларды иесіне қайтарды.
Қобда ауданы полиция бөліміне шаруашылық қожалығының иесі жүгінді. Оның айтуынша, 22 мамыр күні Жарық ауылынан 15 шақырым жердегі еркін жайылымнан 10 бас жылқы жоғалып кеткен.
Учаскелік полиция инспекторлары мен криминалдық полиция қызметкерлерінен жедел іздестіру тобы құрылды. Іздестіру тобы жоғалған малдардың болу мүмкін жерлерін қарастырды.
Үшінші күні учаскелік полиция инспекторы Батыс Қазақстан облысы шекарасында Қобда ауданының Жарық ауылынан 85-90 шақырым жерден жоғалған жылқыларды тапқан.
«Барлық жылқылар иесіне қайтарылды. Мал жаю ережелерін бұзғаны үшін шаруашылық иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 408-бабы бойынша хаттама толтырылды. Көбінесе мал еркін жайылымда болған, сондықтан қылмыстың көзіне айналған» - деп түсіндірді Қобда ауданы ПБ бастығы Наяшев Ардақ.
Полиция қызметкерлері қараусыз қалған малдар жол-көлік оқиғасына тап болады немесе ұрлық көзіне айналады. Облыстың полиция қызметкерлері еркін жайылымның алдын алу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.
Пропавших лошадей вернули главе хозяйства.
В Кобдинский районный отдел полиции помочь в поисках пропавших лошадей обратился глава крестьянского хозяйства. Фермер пояснил, что 22 мая т.г. с вольного выпаса, в 15 км. от с.Жарык пропали 10 голов лошадей. Полицейскими незамедлительно была создана оперативно-поисковая группа из сотрудников криминальной полиции и участковых инспекторов. Поисковой группой были проверены все возможные места пребывания животных.
На третий день поисков участковым инспектором полиции все 10 голов лошадей найдены в степи в 85-90 км. от с.Жарык Кобдинского района на границе с Западно-Казахстанской областью.
«Все животные благополучно возвращены. За нарушение правил выпаса в отношении главы хозяйства составлен протокол по статье 408 Кодекса РК об административных правонарушениях. Большую часть времени скот находился на вольном выпасе, который создает идеальные условия для деятельности скотокрадов», — пояснил начальник отдела полиции Ардак Наяшев.
Полицейские просят не забывать, что бродячий скот может стать причиной потравы посевов или ДТП с тяжкими последствиями. Сотрудниками полиции области на постоянной основе ведется работа по предотвращению вольного выпаса.