Хромтау қаласында мас жүргізуші ұсталды
"Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде ағымдағы жылдың 8 маусымында Хромтау қаласындағы Әйтеке би көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері "БМW" автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында 43 жастағы жұргізушінің көлік құралын мас күйінде жүргізгені және бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырыла тұра, автокөлік басқарған 45 жүргізуші анықталды.
Пьяный водитель разъезжал по г.Хромтау
8 июня т.г. во время проведения ОПМ «Безопасная дорога», по ул.Айтеке би в г.Хромтау, сотрудниками патрульной полиции была остановлена автомашина «БМW». Установлено, что 43-летний водитель управлял транспортным средством в состоянии алкогольного опьянения, будучи ранее лишенным права управления транспортными средствами.
По данному факту проводятся следственные действия ст. 346 ч.1 УК РК «Управление ТС лицом, лишенным права управления ТС, находящимися в состоянии алкогольного опьянения».
Автомашина припаркована на территорию районного отдела полиции. Водитель водворен в ИВС РОП.
С начала года выявлено 45 водителей, управлявших автомашинами в пьяном виде ранее лишенных права управления транспортными средствами.