Рабочая поездка в Каргалинский район: приоритеты развития АПК и подготовка к весеннему севу  

Қарғалы ауданына жұмыс сапары: АӨК дамытудың басымдықтары және көктемгі егіске дайындық   Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов Қарғалы ауданына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында аймақтағы бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдарының жұмысы және көктемгі егіс науқанына дайындық барысы пысықталды.   Сапар Петропавл ауылындағы «Айдана» шаруа қожалығының жұмысымен танысудан басталды. Одан кейін делегация «Сәт» ШҚ-на барып, заманауи «DJi Agras-T50» дроны арқылы жүргізіліп жатқан химиялық өңдеужұмыстарын бағамдады. Қарғалы су қоймасының жағдайы мен пайдалану тиімділігіде назардан тыс қалған жоқ.   Қосестек ауылында орналасқан «Ақбидай» ШҚ жұмысымен танысып, аталған шаруа қожалығы базасында ауданның ауылшаруашылығы құрылымдары басшыларымен кездесу өткізді. Бұл басқосу көктемгі далалық жұмыстарға дайындық мәселелерін талқылауға арналды.   Түстен кейін облыс әкімінің орынбасары «Қосестек Агро» ЖШС, «Дилэнд» ЖШС, «Велиховка» ЖШС сынды ауыл шаруашылығы субъектілерінің тыныс-тіршілігімен танысты. Сонымен қатар, «Қасқыр сарқырамасы» демалыс аймағы мен жылыжай кешенінің жұмысы да таныстырылды.   Сапар соңында Ғалымжан Елеуов «ЮжПромСнаб» және «Степной» ЖШС кәсіпорындарына бару арқылы аудандағы агроөнеркәсіп кешенінің жағдайы мен даму әлеуетіне жалпы шолу жасалды.    Аудан басшылығына ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдалану, көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстарын жеделдету және толық көлемде ұйымдастыруды қамтамасыз ету, шаруаларды қажетті көлемде жанар-жағармаймен қамту шараларын уақытылы жүзеге асыру, науқан барысын күнделікті бақылауға алып, туындаған мәселелер бойынша жедел ақпарат беріп отыру міндеттері қойылды.    Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы аясында кооперативтер құру, ауыл кәсіпкерлігін дамыту және тұрғындарды тұрақты табыспен қамтамасыз ету шараларын күшейту тапсырылды.

Рабочая поездка в Каргалинский район: приоритеты развития АПК и подготовка к весеннему севу   Заместитель акима Актюбинской области Галымжан Елеуов с рабочей поездкой побывал в Каргалинском районе. Он ознакомился с деятельностью нескольких сельскохозяйственных предприятий и ходом подготовки к весенне-полевой кампании.   Первым Галымжан Елеуов осмотрел крестьянское хозяйство «Айдана» в селе Петропавловка. Затем посетил КХ «Сәт», где оценил ход химической обработки посевов с использованием современного дрона «DJi Agras-T50». Особое внимание было уделено состоянию Каргалинского водохранилища и вопросам его эффективного использования.   В селе Кос-Истек заместитель акима области ознакомился с деятельностью КХ «Ақбидай» и там же провел встречу с руководителями сельскохозяйственных структур района. Основной темой обсуждения стала подготовка к весенним полевым работам.   После обеда заместитель акима области посетил сельхозпредприятия ТОО «Кос-Истек Агро», ТОО «Дилэнд» и ТОО «Велиховка». Потом ознакомился с деятельностью зоны отдыха «Волчий водопад» и современного тепличного комплекса.   Галымжан Елеуов также посетил предприятия «ЮжПромСнаб» и ТОО «Степное», а после подвел итоги поездки, дав общую оценку состоянию и потенциалу развития агропромышленного комплекса района.    Руководству района были даны поручения по эффективному использованию мер государственной поддержки в сельском хозяйстве, ускорению подготовки к весеннему севу и обеспечению ее полного и организованного проведения. Также поставлены задачи по своевременному обеспечению аграриев необходимым объемом ГСМ, ежедневному контролю за ходом кампании и оперативному информированию по возникающим вопросам.    Кроме того, в рамках проекта «Ауыл аманаты», направленного на повышение благосостояния сельских жителей, было поручено усилить меры по созданию кооперативов, развитию сельского предпринимательства и обеспечению населения стабильным доходом.

Источник.@emergovkz

Просмотров: 60
Категория: 
АктобеИнфо