Рассмотрены вопросы профилактики суицидов и буллинга

Суицид пен буллингтің алдын алу мәселелері өзекті Өңір басшысының қатысуымен өткен жиында суицид пен буллингтің алдын алу мәселелері талқыланды. Жиынға білім, денсаулық сақтау, ішкі саясат, дін істері, жастар саясаты басқармаларының басшылары, сондай-ақ құқыққорғау органдарының өкілдері, қала және аудан әкімдері қатысты. Күн тәртібінде балаларды буллингтен қорғау жолдары және тұрғындар арасында өзіне-өзі қол жұмсауды тоқтату мәселесі қаралды. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аймақта суицид кеселі өршіген. Оның ішінде кәмелет жасқа толмағандар арасында. Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауының жалпы себебі қорқыту екені айтылды. Облыс әкімі Асхат Шахаров барлық мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен бірлескен кешенді алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды. Аталған  мәселе өңір басшысының жіті бақылауында.

«Негізгі жұмыс балаларға қауіпсіз және жайлы жағдай жасауға бағытталуы керек. Ешбір бала құрбыларының немесе ересектердің қысымын көрмеуі керек, қорқытуларға жол берілмеуі тиіс. Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық деректері көбейіп барады. Балаларды құрбылары ұрып-соғу жағдайлары тіркелуде. Буллингті тоқтату үшін барлық мекемелер бірлесе отырып, бақылау және алдын алу шараларын күшейту керек»,— деді облыс әкімі.  Жиында жауапты тұлғаларға суицидтік мінез-құлық көрсететін тұлғалармен жұмыс жүргізу, психологиялық қолдау көрсету және дер кезінде анықтау жұмыстарын жандандыру, әлеуметтік желілер арқылы қауіп-қатерді анықтауға бақылауды күшейту және жасөспірімдерге қолдау көрсететін «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығын қаржыландыру мәселесін шешу тапсырылды.

Рассмотрены вопросы профилактики суицидов и буллинга Вопросы профилактики суицида и буллинга рассматривались на совещании с участием главы региона. В совещании приняли участие руководители управлений образования, здравоохранения, внутренней политики, по делам религии, молодежной политики, а также представители правоохранительных органов, акимы города и районов. На повестке дня встали вопросы: как защитить детей от буллинга и снизить риск суицида среди населения. По сравнению с аналогичным периодом прошлого года количество самоубийств в регионе выросло. В том числе и среди несовершеннолетних. Частой причиной подростковых суицидов назвали буллинг. Аким области Асхат Шахаров особо отметил, что вопрос по суициду и буллингу будет находиться на его контроле. В связи с этим он поручил организовать совместную комплексную профилактическую работу с участием представителей всех госструктур.

«Основная ваша работа должна быть направлена на создание безопасной и комфортной среды для детей. Ни один ребенок не должен подвергаться давлению и издевательствам со стороны сверстников или взрослых. В настоящее время жестокость среди подростков только усиливается. Есть случаи избиения детей сверстниками. Чтобы остановить буллинг, все учреждения должны работать сообща над контролем и усилением профилактических мер»,- сказал аким.  Им было поручено активизировать работу, направленную на профилактику, оказание психологической поддержки и своевременное выявление лиц, проявляющих суицидальное поведение, усилить контроль по выявлению фактов угроз через соцсети и решить вопрос финансирования центра психологической поддержки «JAN AHUAL», оказывающего поддержку подросткам, оказавшимся в трудной жизненной ситуации.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 225
Категория: 
�����