Рекордные 580 млрд тенге на поддержку аграриев

Рекордтық 580 млрд теңге егіншілерді қолдауға бағытталды Биыл ауыл шаруашылығын жеңілдікті қаржыландыруға рекордтық 580 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат егіншілерге тікелей несие беруге, пайыздық мөлшерлемені төмендетуге, форвардтық сатып алуға бағытталды. Нәтижесінде, республика егіншілері дәнді дақылдар бойынша рекордтық көлемде өнім жинады: орташа өнімділік гектарына 16,1 центнер болып, 26,7 млн тонна астық бастырылды. 2023 жылы орташа өнімділік 10 ц/га құраған болатын. Сонымен қатар 3,2 млн тонна майлы дақыл бастырылды, 2,9 млн тонна картоп, 3,9 млн тонна көкөніс және 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды.  Агротехнологияларды дұрыс қолдану, сапалы тұқымдар, минералды тыңайтқыштар және өсімдіктерді тиімді қорғаудың арқасында жоғары өнімділікке қол жеткізілді.  Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жұмыстары жалғасын табады. Президент тапсырмалары бойынша әзірленген Жол картасы аясында 2024–2028 жылдар аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру міндеті қойылды. Жалпы, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2021–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде 2030 жылға қарай бидай өнімділігін гектарына 20 центнерге дейін арттыру жоспарланып отыр. Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға арналған көктемгі егіс және күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыру биылдың өзінде басталып кетті.

Рекордные 580 млрд тенге на поддержку аграриев В текущем году на льготное финансирование сельского хозяйства были направлены рекордные 580 млрд тенге, которые переданы аграриям на прямое кредитование, удешевление процентной ставки и форвардный закуп.  Как результат, аграриями республики был собран рекордный урожай зерновых культур — при средней урожайности 16,1 ц/га намолочено 26,7 млн тонн зерна. Для сравнения в 2023 году средняя урожайность составила 10 ц/га. Также намолочено 3,2 млн тонн масличных культур с урожайностью 10,9 ц/га, собрано 2,9 млн тонн картофеля, 3,9 млн тонн овощей и 2,6 млн тонн бахчевых.  Высокая урожайность была достигнута, в том числе, благодаря правильному применению агротехнологий, качественным семенам, минеральным удобрениям и эффективной защите растений.  В дальнейшем будет продолжена работа по диверсификации сельскохозяйственных культур. В рамках Дорожной карты по исполнению поручений Президента поставлена задача по удвоению объема валовой продукции сельского хозяйства в 2024–2028 годах. В целом, в рамках Концепции развития агропромышленного комплекса Республики Казахстан на 2021–2030 годы планируется к 2030 году довести урожайность пшеницы до 20 ц/га. Отметим, что по поручению Главы государства финансирование весенне-полевых и уборочных работ 2025 года начато уже в текущем году.

Источник.http://@KZgovernment

Просмотров: 124
Категория: 
�����