Ремонт автодороги «Дон-Бадамша-Актобе-Орск» завершится в этом году

«Дөң-Бадамша-Ақтөбе-Орск» тасжолын жөндеу жұмыстары биыл аяқталады   Облыс әкімі Асхат Шахаров Қарғалы ауданында жергілікті жолдардың жағдайын бағамдады.     Ірі жобалардың бірі «Дөң-Бадамша-Ақтөбе-Орск» облыстық маңызы бар автожолын қайта жаңарту аяқталуға жақын. Жұмыс 2022 жылы басталды. Жөндеу 45-60 шақырым және 60-75 шақырым жол учаскелерінде жүргізілді. Жөнделетін жол учаскесінің жалпы ұзындығы - 29,8 шақырымды құрады. Жөндеу жұмыстарына 5,9 млрд. теңге бөлінді. «Казкомсервис» ЖШС қайта жаңартылатын автожолды биыл аяқтауды жоспарлап отыр.    Мердігер ұйымның директоры Асхат Теңізбаев атап өткендей, жөндеу кезінде полимер қосылған жаңа технология қолданылады, бұл жол төсемінің қызмет ету мерзімін едәуір арттырады.   Айта кету керек, «Казкомсервис» ЖШС өзінің асфальт-бетон зауыты бар және жол жөндеу жұмыстарына өздерінен шығарылатын құрылыс материалдарын пайдаланады. Зауыттың өндірістік қуаты - 175 т/сағ.    Облыс әкімі күретамыр жолдың сапасы маңызды екенін, халық оның сапалы және уақытылы пайдалануға берілуін күтетіндігін алға тартты. 

Ремонт автодороги «Дон-Бадамша-Актобе-Орск» завершится в этом году   Аким области Асхат Шахаров в Каргалинском районе осмотрел состояние местных дорог.     Один из крупных проектов – реконструкция автодороги областного значения «Дон-Бадамша-Актобе-Орск» уже близится к завершению. Работы были начаты в 2022 году. Ремонт производился на участках трассы на 45-60 км и 60-75 км. Общая протяженность ремонтируемого участка дороги составила 29,8 км. На ремонт выделено 5,9 млрд. тенге. ТОО «Казкомсервис» в этом году планирует завершить реконструкцию автодороги.   Как отметил директор подрядной организации Асхат Тенизбаев, при ремонте применяется новая технология с добавлением в состав полимера, что значительно увеличивает срок эксплуатации дорожного полотна.   Стоит отметить, что ТОО «Казкомсервис» имеет собственный асфальтобетонный завод и использует в ремонте свои стройматериалы. Производительная мощность завода составляет 175 т/ч.    Аким области подчеркнул, что качество дороги важно, и люди ждут, что она будет сдана в эксплуатацию своевременно.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 118
Категория: 
�����