Ремонт дороги «Сагашили-Талдысай» завершится в этом году

«Сағашилі-Талдысай» бағытындағы жолдың жөндеу жұмыстары биыл аяқталады  Қазіргі таңда аудандық маңызы бар автомобиль жолды жөндеу жұмыстары екі бағыттан да жүріп жатыр. Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Мұғалжар ауданына жұмыс сапарымен барды. Сағашилі мен Талдысай ауылдарын байланыстыратын аудандық маңызы бар автомобиль жолының орташа жөндеу жұмысымен танысты. Жолды жөндеу облыс тұрғындарының өмір сапасын арттыру және көлік қатынасын жеңілдету мақсатында жүзеге асырылуда. Мұғалжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жандос Өтеулиннің сөзінше, жобаға 768,7 млн тг бөлінген. Былтыр тасжолды жөндеуге кіріскен «САБ-Дор Сервис» компаниясы жұмыстарды жыл соңында аяқтаймыз деп жоспарлапты. Мердігерлермен кездескен өңір басшысы бұл жолдың маңыздылығын, оны тұрғындар асыға күтіп отырғанын айтты. Құрылысшылардың алдына жұмыстардың сапалы орындалуы мен мерзімінің сақталуына қатысты міндет қойды. Қазан айында тас жол пайдалануға берілуі тиіс.

Ремонт дороги «Сагашили-Талдысай» завершится в этом году   В настоящее время ремонт на трассе областного значения идет с двух сторон.     Сегодня аким Актюбинской области Асхат Шахаров отправился с рабочей поездкой в Мугалжарский район. Он ознакомился с ходом ремонтных работ автодороги, соединяющей села Сагашили и Талдысай. Отремонтированная дорога повлияет на качество жизни местных жителей и облегчит передвижение транспорта.   По словам руководителя отдела ЖКХ, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Мугалжарского района Жандоса Утеулина, на реализацию проекта выделено 768,7 млн тенге. Компания «САБ-Дор Сервис», начавшая ремонт дороги в прошлом году, планирует завершить работы до конца этого года.   Глава региона, встретившийся с подрядчиками, отметил важное значение этой дороги и то, что местные жители с нетерпением ждут завершения работ. И поставил перед строителями задачу качественно и в срок выполнить все работы. Дорога должна быть сдана в эксплуатацию в октябре.,

Источник. t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 173
Категория: 
�����