Экологиялық қауіпсіздік мәселесі қаралды Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат отырысында өңірдегі экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаның жағдайын жақсарту мәселелері қаралды. Облыстық экология департаментінің басшысы Ербол Қуанов өңірдегі экологиялық проблемаларды кешенді шешуге бағытталған жол картасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады. Жол картасы аясында 44 шара өткізу жоспарлануда. Олардың бірқатары сәтті аяқталған. Мәселен, биылғы 9 айда атмосфера шығарындыларының нақты көлемі 90,5 мың тоннаға жеткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға аз. Жол картасын жүзеге асыру аясында биыл Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №1 және №2 цехындағы пештерді жаңғырту, сондай-ақ 70-тен астам аспирациялық қондырғыны ауыстыру жұмыстары аяқталады. Ал Ақтөбе хром қосындылары зауытында жаңа электр сүзгісі орнатылып, ауаға шығарылатын зиянды қалдықтар мөлшері 63%-ға азайды. Қандыағашта «Кентавр» ЖШС карталарды тазалауды жалғастыруда. «ҚазТрансОйл» АҚ мен «Мұнай Тас» СБҚК» ЖШС Кеңқияқтағы мұнай сақтау резервуарындағы шығарындыларды азайту бойынша жұмыстар жүргізуде. Сондай-ақ табиғи полигондарды жою жұмыстары жалғасуда. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Асқар Жүсібалиев облыста өткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының қорытындысын жариялады. Ел Президентінің тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатқан акция өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсартуға және аумақтарды абаттандыруға бағытталған. Акцияға 418 мыңнан астам ақтөбелік, кәсіпорын мен ұйымдардың 11 мың қызметкері қатысты. Жалпы саны 105 мың аула, 103 мың жеке тұрғын үй, 1500 әлеуметтік нысан қалпына келтірілді. 207 су қоймасы, 44 субұрқақ, 94 мың метр суару арықтары тазартылды. Сондай-ақ 291 саябақ пен алаң қоқыстан тазартылып, 356 мың түп ағаш көшеті отырғызылды. Полигонға 74 мың тонна қоқыс шығарылды. Басқарма басшысы мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың және қарапайым азаматтардың бірлескен жұмысының арқасында өңірдегі экологиялық жағдай айтарлықтай жақсарғанын, сонымен қатар тұрғындардың экологиялық мәдениетінің деңгейі көтерілгенін атап өтті. Облыс әкімі жол картасының орындалуын бақылауда ұстауды және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жоспарланған барлық іс-шараның уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Рассмотрен вопрос экологической безопасности Вопросы экологической безопасности и меры по улучшению состояния окружающей среды в регионе рассматривались на аппаратном совещании под председательством акима области Асхата Шахарова. Руководитель департамента экологии Ербол Куанов рассказал о реализации Дорожной карты по комплексному решению экологических проблем Актюбинской области. В ее рамках планируется провести 44 мероприятия. Часть их уже успешно выполнена, что сказалось на положительном результате. Так, за 9 месяцев текущего года фактический объем выбросов в атмосферу составил 90,5 тысячи тонн, что на 2% меньше по сравнению с прошлым годом. В рамках реализации Дорожной карты на АЗФ в этом году завершают модернизацию печей цехов №1 и 2, а также замену более 70 аспирационных агрегатов. На АЗХС установили новый электрофильтр, что позволило снизить выбросы на 63%. В КандыагашеТОО «Кентавр» продолжает очистку карт. АО «КазТрансОйл» и ТОО «СЗТК Мунай Тас» ведут работу по снижению выбросов в резервуарах хранения нефти ГТС «Кенкияк». Продолжаются работы по ликвидации стихийных свалок. Руководитель управления природных ресурсов и регулирования природопользования Аскар Джусибалиев озвучил результаты республиканской экологической акции «Таза Казахстан», проводимой в Актюбинской области. Акция реализуется в рамках поручения Президента страны и направлена на улучшение экологической ситуации и благоустройство территорий в регионах. В акции приняли участие свыше 418 тысяч актюбинцев, более 11 тысяч работников предприятий и организаций. В общем наведен порядок в 105 тысячах дворах, 103 тысячах частных домах, на 1 500 социальных объектах. Проведена очистка 207 водоемов, 44 фонтанов и 94 тысяч метров арыков. Также очистили от мусора 291 парк и сквер, высажено 356 тысяч саженцев деревьев. На полигон вывезено 74 тысячи тонн мусора. Спикер отметил, что благодаря совместной работе государственных учреждений, предприятий и простых граждан, была значительно улучшена экологическая ситуация в регионе, а также повышен уровень экологической культуры среди населения. Аким области поручил держать на контроле реализацию Дорожной карты и обеспечивать своевременное выполнение всех запланированных мероприятий для улучшения экологической ситуации в регионе.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi