Тамыз кеңесі барысында облыстың 1200 педагогі білім беру жүйесінде жасанды интеллект технологияларын цифрландыру және енгізу мәселелерін, сондай-ақ оқыту үшін қолайлы және қауіпсіз цифрлық ортаны құрудың жаңа тәсілдерін талқылады. Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан жаңа оқу жылындағы жаңашылдықтар туралы айтып берді, ал Ақтөбе облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнара Сәрсенғалиева былтырғы оқу жылын қорытындылап, жаңа міндеттерді белгіледі. Пленарлық отырыс жұмысына цифрлық технологиялар саласындағы сарапшылар, атап айтқанда, Unicef Giga/DPG консультанты Бағдад Құлназаров, Knowledge Engineering компаниясының басшысы және негізін қалаушы Нартай Әшім, «Креативті бастамалар мен мәдени мұра қоры» қоғамдық қорының құрылтайшысы, креативті экономиканың ұлттық сарапшысы Дина Әбдірахмет және басқалар қатысты. Шақырылған қонақтар білім беру процесіне цифрлық технологияларды енгізу және оқу орнында инклюзивті орта құру үшін жасанды интеллектті пайдалану тәжірибесімен бөлісті.
В ходе конференции 1 200 педагогов области обсудили вопросы цифровизации и внедрения технологий искусственного интеллекта в системе образования, а также новые подходы к созданию комфортной и безопасной цифровой среды для обучения. Руководитель управления образования Актюбинской области Жайык Султан рассказал об особенностях нового учебного года, а руководитель департамента по обеспечению качества в сфере образования Актюбинской области Гульнара Сарсенгалиева подвела итоги прошлого учебного года и обозначила задачи на новый год. В работе пленарного заседания также приняли участие эксперты в области цифровых технологий: Консультант Unicef Giga/DPG Багдад Кульназаров, руководитель и основатель компании Knowledge Engineering Нартай Ашим, руководитель ОФ «Фонд креативных инициатив и культурного наследия», независимый эксперт по развитию креативных индустрий Дина Абдрахмет и другие. Приглашенные гости поделились опытом внедрения цифровых технологий в образовательный процесс и использования искусственного интеллекта для построения инклюзивной среды в учебном учреждении.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi