Руководителем Управления образования были вручены награды актюбинским педагогам, которые во время весеннего паводка проявили коллективный дух и показали единение.

Ж.Сұлтан: Бірде-бір ұстаз «бұл педагог статусына сәйкес келмейтін тапсырма» деп айтқан жоқ

 Бүгін көктемгі су тасқыны кезінде ұжымдық рух көрсетіп, бір үйдің баласындай еңбек еткен ақтөбелік педагогтерге Білім басқармасының басшысы марапаттар табыстады.

 Жайық Сұлтан салтанатты шарада сөйлеген сөзінде төтенше жағдайдың білім саласына қалай әсер еткенін айтып өтті. Мұғалімдердің бірлігінің арқасында қиындықты еңсере білгендерін жасырмады. Басқарма басшысы ұстаздарға көп жылғы адал еңбектері мен білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
«Төтенше жағдай басымызға төніп, облысымызда бірнеше аудан су тасқынынан зардап шегіп, бірнеше білім нысандары зақымданған болатын. Оның ішінде, балабақшалар, мектептер, колледждер, қосымша білім ұйымдары бар. Міне, осындай кезде «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», ұжымдық рухпен бір үйдің баласындай болып жұмылып, абыроймен шықтық деп айтсақ артық емес. Облысымызда бірнеше мектеп эвакуациялық пункт ретінде болды. Үйсіз-күйсіз қалған жерлестерімізді орналастырып, тамақтандырып, оларға қажетті жарақтармен қамтамасыз етті.  Барлық ұстаздарымыз, әріптестеріміз әбден жаны ашып жүгіріп жүрді. Бірде-бір ұстаз «бұл  педагог статусына сәйкес келмейтін тапсырма» деп айтқан жоқ. Дәл осындай  ауызбіршілігіміз мықты болып, абыройда болайық»,- деді облыстың бас ұстазы.
 Мерейлі кеште ол ҚР Оқу-ағарту министрінің атынан «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі 14 шебер педагогке табыстады. «Үздік олимпиадалық мектеп» қатарына енген 4 мектеп және су тасқынынан зардап шеккен Ш.Берсиев атындағы мектеп түлектеріне бірыңғай тестілеу мен қорытынды аттестациялауға дайындалуға көмегін берген М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының мұғалімдері де марапаттан құр қалмады.
 Шараға «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы қоғамдық бірлестігі» Ақтөбе облысы ұйымының төрайымы Раушан Серікқызы Серікова да қатысып, М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының кәсіподақ мүшелеріне 1 000 000 теңге берілді. Директоры Тулеген Аймукатовқа «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Бір үздік ұстазына жазғы каникулда емделіп демалуға «Сосновый бор»шипажайына жолдама табысталды
 Айтып өткен жөн, Ақтөбе өңірінде педагогтерді көтермелеудің жергілікті жүйесі қалыптастырылған. 2020 жылдан бері «Ақтөбе облысының құрметті ұстазы» және «Ақтөбе облысының үздік педагогі» атақтары беріліп келеді. Бұл атақтарға ие болған педагогтерге облыс әкімінің қаулысына сәйкес, 300 және 500 АЕК көлеміндегі қаржылай сыйақы да тағайындалған. Бүгінгі күнге дейін, 28 педагог жергілікті ерекшелік белгілерінің иегері атанды. Екі педагог «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын иеленді.

Ж. Султан: Ни один учитель не сказал, что «эта работа не входит в задачи педагога»

 Сегодня руководителем Управления образования были вручены награды актюбинским педагогам, которые во время весеннего паводка проявили коллективный дух и показали единение.

 Выступая на торжественном мероприятии, Жайык Султан рассказал, как чрезвычайная ситуация повлияла на сферу образования. Благодаря единству учителей все трудности были успешно преодолены. Руководитель управления поблагодарил учителей за многолетний добросовестный труд и вклад в развитие сферы образования.

«Мы столкнулись с чрезвычайной ситуацией, несколько районов нашей области пострадали от паводков, были повреждены и учреждения образования. Это детские сады, школы, колледжи, организации дополнительного образования. Не будет лишним сказать, что в то непростое время мы сплотились и смогли пройти все трудности. В нашей области некоторые школ были временными эвакуационными пунктами. Там разместили актюбинцев, в один миг оставшихся без крыши над головой, там их кормили и обеспечили всеми необходимыми вещами. Все наши учителя, коллеги работали от чистого сердца. Ни один учитель не сказал, что «эта работа не входит в задачи педагога»,- сказал главный учитель области.
 На торжественном вечере он вручил нагрудной знак «Ы. Алтынсарин» от имени Министерства просвещения Республики Казахстан 14 педагогам. Учителя школы-интерната для одаренных детей имени М. Кусаинова, которые помогли выпускникам школы имени Ш. Берсиева, пострадавшим от паводков, подготовиться к единому тестированию и итоговой аттестации, также не остались без наград, как и четыре школы, вошедшие в число «Лучших олимпиадных школ».
 В мероприятии также приняла участие председатель Актюбинской областной организации «Общественное объединение Казахстанского отраслевого профсоюза работников образования и науки» Раушан Сериковна Серикова, которая вручила членам профсоюза Актюбинской областной специализированной школы-интерната для одаренных детей имени М. Кусаинова 1 000 000 тенге. А директор учреждения Тулеген Аймукатов награжден нагрудным знаком «За вклад в развитие социального партнерства». Одному лучшему учителю была вручена путевка в санаторий «Сосновый бор» на отдых во время летних каникул.
 Стоит отметить, что в Актюбинской области сформирована локальная система поощрения педагогов. С 2020 года присваивают звания «Почетный учитель Актюбинской области» и «Лучший педагог Актюбинской области». Педагогам, удостоенным этих званий, в соответствии с постановлением акима области также назначено финансовое вознаграждение в размере 300 и 500 МРП. На сегодняшний день обладателями местных знаков отличия стали 28 педагогов. Два педагога удостоены почетного звания «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы».

Источник. t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

 

Просмотров: 259
Категория: 
�����