Ақтөбе облысы Полиция департаменті облыс аумағында ағымдағы жылдың 19-21 тамыз аралығында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізілетінін хабарлайды.
Іс-шара барысында жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін ЖҚЕ өрескел бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған, оның ішінде мас күйінде көлік құралын басқару, жылдамдық режимін шамадан тыс асыру, басып озу, қарсы жүріп өту, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамау жағдайларына, қоғамдық көлік жүргізушілерінің рейс алдындағы және медициналық тексеруден өтуіне ерекше назар аударылатын болады. Көлік құралдарын, қауіпсіздік белдіктерін және балаларға арналған ұстау құрылғыларын пайдалану ережелеріне де баса назар аударылатын болады.
Рейдтік іс-шаралар кезеңінде патрульдік полиция жасақтарының саны артып, оның ішінде қала сыртындағы автожолдарда, сондай-ақ түнгі уақытта қалалар мен елді мекендерде жұмыстары күшейтіледі, ауылдық жерлерде іс-шараларға учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылатын болады. Бұдан басқа, басқа да мүдделі органдардың, жұртшылықтың өкілдері, волонтерлер және т. б. атсалысады.
Сондай-ақ, көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, заңсыз тасымалдаушылардың (Яндекс такси, Индрайвер және т.б.) қызметінің жолын кесу жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Тамыз айының басынан бері облыс жолдарында 2 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 6 адам қаза тауып, 4 адам зардап шекті.
Осыған байланысты, жүргізушілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларына жолдарда қырағы және мұқият болуға, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.
Департамент полиции Актюбинской области сообщает, что на территории области с 19 по 21 августа т.г. будут проведены рейдовые мероприятия, направленные на обеспечение безопасности дорожного движения.
В период мероприятия особое внимание будет обращено на пресечение грубых нарушений ПДД, непосредственно влияющих на безопасность дорожного движения, в том числе за управление транспортным средством в состоянии опьянения, не соблюдение скоростного режима, правил обгона, встречного разъезда, маневрирования, проезда перекрестков и пешеходных переходов, перевозки пассажиров, прохождение предрейсового и медицинского осмотров водителями общественного транспорта, пользования ремнями безопасности и детскими удерживающими устройствами и т.д.
На период рейдовых мероприятий будут увеличена плотность нарядов патрульной полиции, в том числе на загородных автодорогах, а также в ночное время в городах и населенных пунктах, в сельской местности будут привлечены к мероприятиям участковые инспектора полиции. Кроме того будут вовлечены представители других заинтересованных органов, общественности, волонтеры и др.
Также, совместно с инспекцией транспортного контроля будут приняты меры по пресечению деятельности нелегальных перевозчиков (Яндекс такси, Индрайвер и т.д.).
Только с начала августа на дорогах области зарегистрировано 2 жутких ДТП, где 6 человек погибли и 4 пострадали.
В этой связи, настоятельно рекомендуем водителям и другим участникам дорожного движения быть бдительными и внимательными на дорогах, а также строго соблюдать правила дорожного движения и еще раз задуматься, и вспомнить тех, кто потерял жизнь и здоровье на дорогах.