Ертеңнен бастап №14 бағыттың автобустары жаңарады 30 қаңтардан бастап 41 разъезд бен Теміржол вокзалы аралығында қызмет көрсететін №14 бағытқа 8 жаңа автобус шығады. Қоғамдық көліктің аралық жиілігі орташа есеппен 15 минутты құрайды. Бұдан бөлек, 31 қаңтарда №26 бағытқа қатынайтын жаңа 10 автобус жолға шығады. Оның аралық жиілігі - 10 минут. Жаңа автобустар - ыңғайлы әрі сыйымды. 80 адамға арналған. Кез-келген климаттық жағдайларға төзімді, кондиционер, пандусы бар, жайлы орындықтар және ақпараттық табломен жабдықталған. «Автопарк» ЖШС директоры Ақарыс Тілеулесов қала тұрғындарынан қоғамдық көліктерде тазалық сақтап, жол төлемдерін уақытылы төлеуді сұрайды. Естеріңізде болса, кәсіпорын қоғамдық көлік қызметін жақсарту мақсатында «Өнеркәсіпті қолдау қоры» арқылы «QazTehna» компаниясымен келісімшартқа отырып, былтырғы жылы 50 «Yutong» маркалы автобус сатып алды. Бір автобустың құны – 64 миллион теңге. Жалпы, «Автопарк» қала бойынша 18 бағытқа, сондай-ақ, маусымдық 2 бағытқа қызмет көрсетеді. Ал күн сайын желіге 153 автобус шығады.
С 30 января на маршрут №14 выйдут новые автобусы На маршруте, который обслуживает участок между 41-м разъездом и железнодорожным вокзалом, с 30 января будут работать 8 новых автобусов. Интервал движения общественного транспорта в среднем составит 15 минут. Кроме того, 31 января на маршрут №26 выйдут 10 новых автобусов. Интервал их движения составит 10 минут. Новые автобусы удобные и вместительные, рассчитаны на 80 человек. Они устойчивы к любым климатическим условиям, оснащены кондиционером, пандусом, удобными сиденьями и информационным табло. Директор ТОО «Автопарк» Акарыс Тлеулесов попросил горожан соблюдать чистоту в общественном транспорте и своевременно оплачивать проезд. Напоминаем, что в прошлом году предприятие закупило 50 автобусов марки «Yutong» в рамках соглашения с компанией «QazTehna» по программе «Фонда поддержки промышленности». Стоимость одного автобуса составила 64 миллиона тенге. В целом, «Автопарк» обслуживает 18 маршрутов по городу, а также 2 сезонных маршрута. Каждый день на линию выходит 153 автобуса.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi