Ақтөбе облысы ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісовтің айтуынша, 1 маусымнан бастап облыста 59 жағажай жұмыс істейді: 22-сі – қалада және 37-сі –ауданда. Оның 24-і – коммерциялық және 35-і – коммуналдық жағажайлар. Адамдарды құтқаруға арналған оқыту курстарынан 75 құтқарушы өтті. Шомылу маусымында қауіпсіздікті ұйымдастыру үшін полиция, волонтер, құтқарушы және т.б мамандардан құралған барлығы 403 адамды тарту жоспарлануда.
«ТЖ департаменті шомылуға тыйым салынған облыс көлеміндегі 206 орынды анықтады. Ақтөбеде шомылуға қауіпті деген 18 орын бар, қалғандары – аудандарда. Онда 296 тыйым салу белгілері орнатылды. Мұндағы мәселе –тұрғындардың өздері сол белгілердібұзып, лақтырып тастайды. Бұл жағдай тыйым салынған жер екенін білмейтін адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан апта сайын орнатылған белгілерді түгендеу жұмыстарын жүргізу қажет»,- деп атап өтті Нұрғали Жүнісов. Су айдындары, лагерьлер, жағажайлар және аквапарктерде адам өлімінің алдын алу үшін құтқарушылар судағы қауіпсіздік бойынша практикалық сабақтар өткізеді. Сондай-ақ, барлық ұялы телефон нөмірлеріне суда жүріс-тұрыс қағидалары туралы SMS-хабарламалары ескерту ретінде жіберіледі. Жағажайлар мен шомылуға тыйым салынған жерлерді құтқарушылар, полицейлер мен еріктілер үнемі күзетеді. Рейд нәтижелері бойынша 15 құқық бұзған тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Сонымен қатар, рейдтер кезінде полиция бөлімшелеріне 53 кәмелетке толмаған бала жеткізілді. Олардың ата-аналарымен профилактикалық шаралар өткізілді. Облыс әкімі Асхат Шахаров халықарасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді және оларға шомылуға тыйым салынған орындар туралы ақпаратты жеткізуді тапсырды. Сондай-аққұтқарушылар санын арттыру қажет.
По словам начальника ДЧС Актюбинской области Нургали Жунусова, с 1 июня по области начали работать 59 пляжей: 22 в городе и 37 в районах. Из них 24 коммерческих и 35 коммунальных пляжей. Обучение по спасению людей прошли 75 спасателей. Обеспечивать безопасность в купальный сезон будут полицейские, волонтеры, спасатели и другие специалисты. К патрулированию водоемов привлекут 403 человека.
«Департаментом по ЧС определено 206 мест по области, где купание запрещено. В Актобе опасных мест для купания 18, остальные в районах. Там установили 296 запрещающих знаков. Но проблема в том, что жители сами ломают их и выбрасывают. Такая ситуация угрожает жизни людей, которые по незнанию купаются в запрещенном месте. Поэтому необходимо каждую неделю проводить инвентаризацию установленных знаков»,- отметил Нургали Жунусов. Для предотвращения гибели людей в водоемах в лагерях, на пляжах и в аквапарках спасателями проводятся практические занятия по безопасности на воде. Также на все номера мобильных телефонов рассылаются предупреждающие SMS-сообщения о правилах поведения на воде. Пляжи и запрещенные для купания места постоянно патрулируются спасателями, полицейскими и волонтерами. По результатам рейдов 15 нарушителей привлечены к адмответственности и оштрафованы. Кроме того, в ходе рейдов в отделения полиции доставлены 53 несовершеннолетних. С их родителями проведены профилактические беседы. Аким области Асхат Шахаров поручил шире проводить разъяснительную работу среди населения и доводить до них информацию о запрещенных местах для купания. Также увеличить число спасателей.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi