«Сдам в аренду ИП» или «Обналичу деньги»: полицейские призывают жителей не попадаться на уловки  мошенников

Полиция қызметкерлері тауарлық несиені қолма-қол ақшаға айналдыратынын айтып алдайтын алаяқтарға алданбауға шақырады

Жыл басынан бері облыс аумағында кибералаяқтықтың осы түрінің 7 дерегі тіркелді. Алаяқтар көбіне әлеуметтік желілер арқылы әрекет етеді. Жәбірленушілер  танымал әлеуметтік желілер мен қосымшалардан тауарлық несиені қолма-қол ақшаға айналдыру туралы хабарламаларды көріп, көрсетілген байланыс нөмірлері бойынша өздері хабарласады. Алаяқтар оларды тауарлық несиені қолма қол ақшаға айналдыра  алатынына сендіреді. Ол үшін қаскүнемдер жәбірленушіге белгілі бір тауарға несие картасы арқылы немесе банк арқылы бөліп төлеуге төлем жасау туралы  шот жібереді. Бұл кьюар код түрінде де болуы мүмкін. Қолма-қол ақша алатынына сенген жәбірленуші олардың барлық талаптарын орындайды. Нәтижесінде, азаматтар уәде етілген қолма-қол ақшаны ала алмайды, керісінше өз атына рәсімделген несиені төлеуге мәжбүр болады.

Ақтөбенің киберпол бөлімінің бастығы Галина Стырличуктің айтуынша, аңғал азаматтарды алдау үшін алаяқтар өздерінің қылмыстық схемасында жеке кәсіпкерлердің деректемелерін пайдаланады. Алаяқтықтың осы түрі бойынша тіркелген қылмыстық істерді тергеп-тексеру барысында көпшілік жағдайда жеке кәсіпкерлер өз шоттарын жалға бергені анықталуда. Осылайша, алаяқтар, жеке кәсіпкерлердің деректемелері мен мүмкіндіктері арқылы қылмыстық жолмен қаржылық операцияларын жүзеге асырады.  

Өткен тәулікте  екі ақтөбелік  осындай алаяқтықтың құрбаны болды. Олардың бірі ОЛХ қосымшасында қолма-қол ақшаға айналдыру туралы хабарлама тауып, жарнама иесімен «Ватсап» мессенжерінде хабарлама жазысу нәтижесінде ол жіберген шот бойынша 25 мың теңгеге төлем жасаса, екіншісі «Инстаграм» желісінде сөйлесу арқылы тауарлық несиені қолма-қол ақшаға айналдырамын деген белгісіз тұлға жіберген шот бойынша 30 мың теңгеге несиелік төлем жасаған. Алаяқтық деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

«Бұл алаяқтық схемасында жеке кәсіпкерлердің де рөлі бар екенін ескеріп, біздің тарапымыздан  екінші деңгейлі банктерге өздерінің дербес шоттарын үшінші тұлғаларға берген жеке кәсіпкерлерге қатысты шаралар қабылдау туралы ұсыныстар жолдануда. Әрине, алаяқтар жеке кәсіпкерлерді де, жәбірленушіні де алдауы мүмкін.  Азаматтар мен жеке кәсіпкерлерді де қырағы болуға, мүлдем көрмеген белгісіз адамдармен күдікті мәмілелер жасаудан бас тартуға шақырамыз» - дейді  полиция подполковнигі Галина Стырличук.

«Сдам в аренду ИП» или «Обналичу деньги»: полицейские призывают жителей не попадаться на уловки  мошенников

С начала года на территории области зарегистрировано 7 случаев мошенничества с обналичиванием денег. Мошенники действуют через популярные социальные сети и мессенджеры. Потерпевшие сами находят обьявления об обналичивании денег в социальных сетях и приложениях,  далее связываются по указанным на странице контактным номерам. В ходе переписки мошенники убеждают их, что могут обналичить товарный кредит. Далее злоумышленники направляют потерпевшему счет или кьюар код для оплаты какого-нибудь товара в рассрочку или по кредитной карте. Доверчивые граждане, в надежде получить наличные деньги, выполняют все их требования.

В итоге граждане не получают обещанную обналичку, вместо этого будут вынуждены ежемесячно оплачивать банку оформленный на свое имя кредит.

По словам начальника отдела «Киберпол» Актобе Галины Стырличук, для своих преступных схем мошенники часто пользуются счетами индивидуальных предпринимателей.  В ходе расследования уголовных дел, зарегистрированных по таким мошенничествам, в большинстве случаев выяснилось, что предприниматели сдали свои ИП в аренду третьим лицам. Таким образом, мошенники осуществляли преступные финансовые схемы, через реквизиты и возможности ИП.

За прошедшие сутки жертвами такого мошенничества стали два актюбинца. Первый из них нашел в приложении ОЛХ обьявление об обналичивании денег и переписываясь с неизвестным лицом через мессенджер «Ватсап»  оплатил отправленный ему счет в сумме 25 тысяч тенге, во втором случае  другой горожанин переписываясь с неизвестным в сети «Instagram» оплатил отправленный мошенником  счет на покупку товара в кредит, со стоимостью 30 тысяч тенге.

По фактам мошенничеств возбуждены уголовные дела. «Учитывая, что в этой схеме мошенничества, роль индивидуальные предпринимателей тоже есть, с нашей стороны в банки второго уровня направлены предложения о принятии мер в отношении индивидуальных предпринимателей, передающих свои банковские реквизиты третьим лицам. Конечно, мошенники могут обмануть как жертв, так и индивидуальных предпринимателей. Призываем граждан и индивидуальных предпринимателей быть бдительными, не участвовать в сомнительных  сделках с неизвестными людьми», - призывает подполковник полиции Галина Стырличук.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 206
Категория: 
�����