Сегодня в здании Академии творчества с участием акима города Азамата Бекет состоялась встреча с жителями района Астана

Бүгін қала әкімі Азамат Бекеттің қатысуымен Шығармашылық академиясында Астана ауданының тұрғындарымен кездесу өтті.
Алдымен аудан әкімі Алмас Жақсылықов өткен жылы атқарылған жұмыстар мен биылғы жоспарларды баяндады.
“Ең бастысы “Халық қатысатын бюджет” бағдарламасына тоқталайын. Биыл өткен жылы Астана ауданының тұрғындары өздері таңдаған бірнеше жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Оның ішінде, аудан аумағында 22 футбол алаңын, 3 баскетбол алаңы, 18 спорт алаңын, 2 жаяу жүргінші жолын, 29 балалардың ойын алаңын осы бағдарлама бойынша салып жатырмыз. Сондай-ақ көп қабатты 31 үйдің ауласы абаттандырылуда (жарықтандыру, беседка, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату)”, - деді А.Жақсылықов.
Тұрғындар қоғамдық көлік, аулаларды абаттандыру, жолдарды асфальттау бойынша сұрақтар қойды.
Биыл Астана ауданында 23 аулаішін асфальттау, жарық шамдарын, тротуар орнату жұмыстары басталды. Жұмыстар 2025 жылы аяқталатын болады.
Бұдан бөлек, аудан аумағында жаяу жүргінші жолдарын жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Аудан бойынша 18 жерде (4550 м2) жаяу жүргінші жолдары жөнделіп, қазіргі уақытта қолданысқа берілді.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта Астана ауданы әкімдігі 4 учаске бойынша тозығы жеткен және көктемгі-күзгі мезгілдерде су жиналатын жерлерде тротуарларды жаңарту жұмыстарын жүргізуде.
Өткен жылы қоғамдық тасымалмен айналысушы 4 компания қалаға 120 жаңа автобус әкелді. Биыл қазан айында 30 жаңа автобус әкелінді. Тағы 65 автобус алу жоспарлануда.
Тұрғындармен кездесуден кейін қала әкімі Азамат Бекет жеке сұрақтары бойынша жазылған 25 азаматты қабылдады. Барлық мәселелер бойынша шешу жолдары нақты қаралып, ұзақ мерзімді қажет ететін сұрақтарға қатысты жауапты бөлімдер басшыларына заң аясында тапсырма берілді.

Сегодня в здании Академии творчества с участием акима города Азамата Бекет состоялась встреча с жителями района Астана.
Вначале аким района Алмас Жаксылыков доложил о проделанной работе в прошлом году и планах на этот год.
"Прежде всего, остановлюсь на программе "Бюджет народного участия". В этом году мы реализуем несколько проектов, которые жители района Астана выбрали для себя в прошлом году. В итоге в рамках программы на территории района мы строим 22 футбольное поле, 3 баскетбольное поле, 18 спортивную площадку, 2 участка пешеходных дорожек, 29 детскую игровую площадку. Также ведутся работы по благоустройству двора 31 многоэтажного дома (установка освещения, беседки, скамеек и мусорных баков)", - сказал А. Жаксылыков.
Жители затронули проблемы общественного транспорта, благоустройства дворов, асфальтирования дорог.
В этом году в районе Астаны начаты работы по асфальтированию, установке светильников, тротуаров на 23 дворовых территориях. Работы будут завершены в 2025 году.
Кроме того, на территории района проведены ремонтно-восстановительные работы пешеходных дорожек. В 18 местах (4550 м2) по району отремонтированы и введены в эксплуатацию пешеходные дорожки.
Также сейчас акимат района Астана проводит работы по обновлению тротуаров на 4 участках, где имеются проблемные места с накоплением воды весной и осенью.
В прошлом году 4 компании-перевозчика городских маршрутов привезли в город 120 новых автобусов. В октябре текущего года Парки пополнились 30 новыми автобусами. Планируется привезти еще 65 автобусов.
После встречи с жителями аким города Азамат Бекет принял 25 граждан, которые записались по личным вопросам. По всем вопросам были рассмотрены пути решения, в рамках закона руководителям ответственных отделов даны поручения по проблемам, требующим более тщательного рассмотрения.

Источник.https://www.instagram.com/aqtobe_akimat/reel/DCmrVxSAwP1/

Просмотров: 54
Категория: 
�����