Оймауыт ауылы – Жаңажол ауылдық округінің құрамына кіретін жалғыз елді мекен. Бүгінде онда 770-тен астам адам тұрады. Округ аумағында 3 ЖШС және 30 фермерлік шаруашылық тіркелген. Ауылда мектеп, кітапхана, амбулатория, ескі клуб бар. Газбен жабдықтау мәселесі де шешілуде. Келесі жылы ауылға газ құбыры тартылады деп күтілуде. Өңір басшысымен кездесуде оймауыттықтар оларға жаңа мектеп салуды, жолды жөндеу және интернет желісін жүргізіп беруді сұрады.
«Біздің ауылға жол керек. Мектебіміз қазірдің өзінде ескі, ал клуб қирағалы тұр. Газ өткізуге уәде берді - бұл жақсы жаңалық. Біз үлкен сеніммен күтеміз. Интернет келсе дейміз. Егер ауылда тұруға жағдай жасалса, балалар бұл жерден көшпейді»,- дейді жергілікті тұрғын Талдыбай Талқанбаев.
Белгілі болғандай, Оймауытта 2021 жылы 150 орындық мектеп-балабақша салына бастаған. «Абай-Б» ЖШС мердігер ұйымы іргетасын құйып үлгерген. Бірақ бұл жерде жұмыс тоқтап тұр. Мердігер өз міндеттемелерін орындамапты. ЖСҚ түзету мәселесін облыстық бюджет комиссиясы қарайды,- деді әкім жергілікті тұрғындарға.
Село Оймауыт – единственный населенный пункт, входящий в состав Жанажолского сельского округа. Сегодня там проживает свыше 770 человек. На территории округа зарегистрировано 3 ТОО и 30 фермерских хозяйств. В селе есть школа, библиотека, амбулатория, старый клуб. Решается и вопрос с газоснабжением. Газопровод обещают провести в село уже в следующем году. На встрече с главой региона оймауытцы просили построить им новую школу, отремонтировать дорогу и провести интернет.
«К нам в село нет дороги. Школа у нас уже старая, а клуб разрушенный стоит. Газ обещают провести – это хорошая новость. Будем ждать с большим нетерпением. Хотелось бы, чтобы интернет провели. Если в селе будут создаваться условия для проживания – наши дети отсюда не уедут»,- говорит местный житель Талдыбай Талканбаев.
Как оказалось, в Оймауыте еще в 2021 году начали строить школу-сад на 150 мест. Подрядная организация ТОО «Абай-Б» успела залить фундамент. Но работы на этом приостановились. Подрядчик так и не выполнил своих обязательств. «Вопрос по корректировке ПСД будет рассмотрен областной бюджетной комиссией»,— сказал аким местным жителям.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi