Ауылдық учаскелік инспектор ресейлік азаматтардың жыл басында жоғалған 45 бас жылқысын тауып берді
13 мамырда Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Жаңабек Кенжебаев әкімшілік аумағын аралау кезінде Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылының маңында Ресей Федерациясының шекарасына жақын жерден қараусыз жайылып жүрген, таңбалары жоқ 45 бас жылқыны байқаған.
Ауыл тұрғындарының ішінен мал иелері анықталмағаннан кейін ол иесіз малдың қараусыз жүруіне жол бермеу үшін жылқыларды айдап әкеліп, шаруа қожалықтарының бірінің қыстағына уақытша қамаған. Әрі қарай полиция майоры Жаңабек Кенжебаев қараусыз жануарлардың иелерін іздеу жұмыстарын жалғастырып, Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарымен байланысқан.
Нәтижесінде табылған жылқылардың Орынбор облысы Қоскөл ауылының 8 тұрғынына тиесілі екендігі және мал иелерінің арыздарының негізінде ресейлік құқық қорғау органдары аталған жануарларды қаңтар айынан бері іздеп жатқаны анықталды.
15 мамыр күні мал иелері жылқылардың өздеріне тиесілі екендігін растайтын құжаттарын ұсына отырып, оларды айдап әкетті. Қыста қараусыз жіберу салдарынан жоғалтқан жылқыларын аман-сау тапқан ресейлік азаматтар учаскелік полиция инспекторы Жаңабек Сандығалиұлына шынайы алғыс сөздерін жеткізді
Сельский участковый нашел и вернул россиянам пропавших в начале года 45 голов лошадей
13 мая участковый инспектор полиции Айтекебийского района Актюбинской области Жанабек Кенжебаев во время обхода административного участка, в районе села Кумкудук Айтекебийского района, вблизи границы с Российской Федерацией заметил безхозно пасущихся, нетаврированных 45 голов лошадей.
Участковый стал опрашивать жителей ближайщих сел, в поиске владельцев животных, но хозяев среди них не нашлось. В целях безопасности и недопущения пропажи скота, Жанабек Кенжебаев своими силами загнал лошадей в загон одной из крестьянских хозяйств. Далее, во время поиска владельцев найденных животных, он связался с правоохранительными органами Российской Федерации.
Его российские коллеги подтвердили, что найденные лошади принадлежат 8 жителям села Косколь Оренбургской области, на основании заявлений которых, правоохранительные органы России с января месяца текущего года проводили поиски указанных лошадей.
15 мая россияне приехали за своими пропавшими животными и предоставив участковому Айтекебийского РОП все подтверждающие документы, перегнали лошадей домой. При этом они были безмерно счастливы такому положительному исходу и выразили искреннюю благодарность майору полиции Жанабеку Сандыгалиевичу
Источник.https://www.instagram.com/p/C7Lg-4VsP6y/?img_index=1