Семья попала в ДТП – мать и дочь погибли.

Анасы мен қызы жол апатынан қаза тапты.

20  мамыр күні сағат түнгі 00:10-да Байғанин ауданының 40 жастағы тұрғыны отбасы мүшелерімен «Renault Duster» автокөлігімен жолға шыққан. «Ақтөбе–Астрахань» тас жолының 248 шақырымында Қарауылкелді ауылынан 1 шақырым жерде жол жиегінде тұрған «Iveco» жүк көлігіне соққан.

Соққыдан кейін  «Renault Duster» автокөлігі жол жиегінде тұрған екінші «Камаз» жүк көлігіне барып соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізушінің 41 жастағы әйелі мен 3 жасар қызы оқиға орнында көз жұмды. Отағасы кәмелетке толмаған 2005 жылғы ұлымен Байғанин аудандық ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылды.  ҚР ҚК  345-бабы 4-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақтөбе облысы ПД барлық көлік жүргізушілерін ЖҚЕ сақтауды сұрайды. Есіңізде болсын, Сізді үйде жақындарыңыз күтеді.

Семья попала в ДТП – мать и дочь погибли.

20 мая примерно в 00.10 часов 40-летний житель Байганинского района ехал со своей семьей на автомашине «Renault Duster» и на 248 км. автодороги «Актобе-Астрахань» в 1 км. от п.Карауылкелды, допустил наезд грузовую автомашину «IVEKO» припаркованную на обочине дороги. От удара автомашина «Renault Duster» столкнулась с припаркованной на обочине другой грузовой автомашиной «КАМАЗ».

В результате ДТП 41-летняя супруга и 3-х летняя дочь водителя автомашины «Renault Duster» от полученных травм скончались на месте ДТП. Сам глава семейства с несовершеннолетним сыном 2005 г.р. госпитализированы в реанимационное отделение ЦБ Байганинского района.

Проводится досудебное расследование по ст.345 ч.4 УК РК «Нарушение правил дорожного движения повлекшее по неосторожности смерть двух или более лиц».

Департамент полиции призывает водителей транспортных средств неукоснительно соблюдать Правила дорожного движения. Помните Вас ждут дома!

 

 

 

Просмотров: 317
Категория: 
�����