Қырағы азаматтардың көмегімен мал ұрлағандар ұсталды
26 қазанда күндізгі уақытта Ақтөбе облысы Кірпішті ауылы тұрғынының ақ түсті ешкісі жоғалған. 51 жастағы азаматша жалғыз ешкісін таңертең ауылға жақын маңдағы жайылымға арқанмен байлап қалдырып, кешке орнынан таппаған. Мал иесі алдымен өз күшімен жақын маңдағы аумақтарды аралап, адамдардан сұрастырып іздей бастаған.
Осы кезде ауыл аумағында баласымен бірге келе жатқан басқа әйел адам далалық жерде ешкі сойып жатқан екі ер азаматты көрген. Сыртта жасырынып мал сойып жатқан жігіттердің әрекетіне күдіктенген азаматша бірден полицияға қоңырау шалып, ауыл тұрғындарына хабарлаған. Мал союшылар қашып кетуге тырысқанымен, сол ауылдың қырағы азаматтары оларды өз күштерімен қолға түсіріп, полиция келгенше ұстаған.
Полиция қызметкерлері күдіктілерді полиция бөліміне жеткізді. Олар бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған қала тұрғындары болып шықты.
Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 1-бөлігі (мал ұрлығы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай айғақтар алынды. Тергеу жүргізілуде.
Скотокрады были пойманы с помощью бдительных граждан
26 октября в дневное время в поселке Кирпичный города Актобе была совершена кража козы, принадлежащей 51-летней жительнице поселка. Хозяйка оставила козу утром пастись, привязав веревкой недалеко от дома, а вечером не обнаружала на месте. Сначала хозяева пытались найти козу своими силами, начали искать в поселке, осматривать вблиз расположенные участки, расспрашивать соседей и жителей.
В это время другая жительница поселка, которая шла вместе с сыном, заметила двух мужчин, которые забивали мелкий скот в безлюдном месте. Их действия вызвали подозрения у бдительной гражданки, а мужчины стали убегать увидев их. Неровнодушная жительница незамедлительно набрала номер полиции и сообщила другим жителям об инциденте. Жители поселка быстро поймали подовреваемых и передали приехавшей на вызов сотрудникам полиции.
Полицейские установили личность подозреваемых. Ими оказались ранее судимые за аналогичные преступления, двое горожан.
По данному факту возбуждено уголовное дело по части 1 статьи 188-1 Уголовного кодекса Республики Казахстан (скотокрадство). Подозреваемые свою вину признали. Вещественные доказательства изьяты. Ведется расследование.