Полиция қызметкерлері балалардың жолдардағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады
Бүгінгі таңда балалардың жолдардағы қауіпсіздігі мәселесі полицейлер тарапынан ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Ағымдағы жылдың 8 айында облыс жолдарында балалардың қатысуымен 89 жол-көлік оқиғасы болып, онда 104 бала жарақат алды, 11 бала қаза болды.
Жолдардағы апаттылықтың алдын алу, оның ішінде балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының жолын кесу мақсатында 13 қыркүйек күні Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкерлері халықпен, мұғалімдермен, ірі кәсіпорындардың ұжымымен, оның ішінде жүргізушілерімен кездесіп, жол қауіпсіздігі мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдос Құлжанов жыл басынан бері жолдарда балалардың қатысуымен болған қайғылы жағдайлар мен оның себептері, балаларды тасымалдау алгоритмі, балаларды тасымалдайтын автокөліктерге қойылатын талаптар, балалардың аулалардағы қауіпсіздігін арттыру туралы баяндап, самокаттарды қолдану бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндірді.
Полиция қызметкерлері жүргізушілер мен ата-аналарды жолдарда жауапты болуға, балаларды тасымалдау ережелерін қатаң сақтауға, ересектердің өздері жолдардағы тәртібімен балаларына үлгі болуға шақырды. Сонымен қатар, кездесуде полицейлер азаматтарды жеке қабылдап, сұрақтарына жауап берді. Қатысушыларды негізінен, мектептердің жанына бағдаршамдар мен жаяу жүргіншілер өтпелерін орнату, тұрақтар салу сынды сұрақтар тоғандырды. Шара соңында тәртіп сақшылары азаматтарды қоғамдық қауіпсіздікті, оның ішінде балалардың қауіпсіздігін ынтымақтастықта қамтамасыз етуге шақырды.
Сотрудники полиции обсудили вопросы обеспечения безопасности детей на дорогах
На сегодняшний день безопасность детей на дорогах вызывает особую обеспокоенность у полицейских. За 8 месяцев текущего года на дорогах области произошло 89 дорожно-транспортных происшествий с участием детей, где 104 получили травмы и 11 погибли.
В целях снижения аварийности и профилактики ДТП, в том числе с участием детей, 13 сентября сотрудники департамента полиции Актюбинской области встретились с населением и коллективом крупных предприятий, в том числе с водителями, где обсудили актуальные вопросы обеспечения безопасности на дорогах.
В ходе встречи начальник Управления местной полицейской службы Айдос Кулжанов рассказал о принимаемых мерах по обеспечению безопасности детей на дорогах, об алгоритме их перевозки, об установленных требованиях к автотранспортным средствам перевозящих детей, озвучил основные причины ДТП с участием невовершеннолетних, а также разъяснил новые правила по использованию самокатов.
Полицейские призвали водителей транспортных средств и родителей быть ответственными на дорогах, строго соблюдать правила перевозки детей, не превышать скоростной режим, особенно вблизи учебных заведении, а также разъяснили родителям о необходимости самим соблюдать ПДД и быть примером для своих детей.
Сотрудники полиции в ходе встречи ответили на вопросы участников, в основном их волновали вопросы по установке сфетофоров, дорожных знаков, пешеходных переходов вблизи школ, а также родители озвучили о необходимости парковок возле учебных заведении. В завершение встречи стражи порядка призвали граждан к активному сотрудничеству в обеспечении дорожной безопасности, в том числе безопасности детей на дорогах.