Совет актюбинских бабушек открыл кабинет в акимате района Алматы

Ақтөбелік әжелер кеңесі Алматы ауданы әкімдігінде кабинетін ашты
Республикалық ардагерлер қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалы жанындағы “Әжелер алқасы” қоғамдық ұйымы Алматы ауданы әкімдігінде өз кабинетін ашты. Ұйым 2024 жылдың желтоқсанында құрылды, ал белсенділер әкімдіктің бірінші қабатындағы кабинетті бір аптаның ішінде жабдықтады.
“Әжелер алқасының” төрағасы Фатима Кенжебаева мұнда өскелең ұрпақты тәрбиелеу бойынша сабақтар өткізілетінін айтты. Аға буын өкілдері отбасылық құндылықтармен бөліседі, ұмытылған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер туралы әңгімелейді, балалар мен жастарды қолданбалы өнерге үйретеді, сондай-ақ кәсіптік бағдар беру бойынша шеберлік сағаттарын өткізеді.
“Өткен жылы біз қаланың колледждері мен мектептерінде болдық. Біздің әжелеріміз қыздармен кездесті, құпияларымен бөлісті, қолөнерді үйретті, ал ұлдар еңбекқорлық пен патриотизмге шақырылды. Енді балалар бізге осы кабинетке келе алады. Болашақта біз балабақшалармен де жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз. Атам қазақ “тәрбие тал бесіктен басталады” деген ғой”, - деді Фатима Кенжебаева.
“Әжелер алқасы” аудандық бөлімшесінің басшысы Эльвира Өтепбаева ұйымға өмірлік тәжірибесі мол апаларды шақыратынын айтты.
“Олардың әрқайсысы жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттауға өз үлесін қосуда. Биыл Біз Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына баса назар аударамыз, танымдық іс-шаралар ұйымдастырамыз”, - деп бөлісті ол.
Кабинеттің ашылу салтанатына аудан әкімі Рүстем Өтешов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахат Мырзалин және басқалар қатысты. Еңбек ардагерлері кабинетке жеке кітапханаларынан кітаптар сыйға тартты.

Совет актюбинских бабушек открыл кабинет в акимате района Алматы.
Общественная организация «Әжелер алқасы» («Совет бабушек») при городском филиале республиканского общественного объединения ветеранов открыла свой кабинет в акимате района Алматы. Организация была создана в декабре 2024 года, а активистки оборудовали кабинет на первом этаже акимата всего за неделю.
Председатель «Әжелер алқасы» Фатима Кенжебаева рассказала, что здесь будут проводиться занятия по воспитанию подрастающего поколения. Представительницы старшего поколения будут делиться семейными ценностями, рассказывать о забытых обычаях и традициях, обучать детей и молодежь прикладному искусству, а также проводить беседы по профориентации.
«В прошлом году мы посетили колледжи и школы города. Наши бабушки встречались с девочками, делились женскими секретами, учили рукоделию, а мальчиков призывали к трудолюбию и патриотизму. Теперь ребята могут приходить к нам в этот кабинет. В дальнейшем мы планируем работать и с детскими садами. Как говорят казахи, воспитание начинается с пеленок», — отметила Фатима Кенжебаева.
Руководитель районного отделения «Әжелер алқасы» Эльвира Отепбаева добавила, что в организацию приглашают женщин с богатым жизненным опытом. «Каждая из них вносит свой вклад в пропаганду национальных ценностей среди молодежи. В этом году мы сделаем акцент на 80-летии Победы и 100-летии Героя Советского Союза Алии Молдагуловой, организуем познавательные мероприятия», — поделилась она.
На церемонии открытия присутствовали аким района Рустем Утешов, председатель городского совета ветеранов Ахат Мурзалин и другие. Ветераны труда подарили кабинету книги из своих личных библиотек.

Источник.https://www.instagram.com/reel/DFD0r8sg_Xs/

Просмотров: 201
Категория: 
�����