Спортшылар «Достық» бассейніндегі жаттығуларына кірісті 800-ден астам жас спортшы қайтадан барлық қажетті жағдайлар жасалған бассейнде жаттығуын жалғастыра алады. Ғимарат 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Пайдалануға берілген сәттен бастап жөндеу көрмеген. Кешеннің жабылуына шатырынан судың ағуы, топырағының шөгуі, жертөлесіне судың жиналуы себеп болды. Мердігер компания «Альтаир-СК 7» ЖШС жеті ай ішінде бөлінген бюджет қаражаты 388,12 млн теңгеге ішкі және сыртқы жөндеу жұмыстарын жүргізді, бассейнді қалпына келтірді. Енді спорт кешені жаттығулар мен жарыстар өткізуге дайын. Айтып өткен жөн, күрделі жөндеу жұмыстары кезінде спортшылардың жаттығулары тоқтатылған жоқ, олар басқа ғимаратта жаттықты.
«Күрделі жөндеу жұмыстары жеті айға созылып, уақытылы аяқталды. Негізі проблема - шатыр мен жертөледе еді. Шатыр ауыстырылды, жертөлеге оқшаулау жұмыстары (изоляция) жасалды. 1600 шаршы метр кафель ауыстырылды, вентеляциялық жылу жүйелері жаңаланды. Ата-аналар мен балалар жаңаланған ғимаратты көріп, қуанып жатыр»,- дейді бассейн директоры Ермек Жетімеков. Ақтөбе облысында Президенттің бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға басымдық беру туралы тапсырмасына сәйкес, спорттық нысандарды салу жұмыстары жалғасуда.
Спортсмены бассейна «Достык» возобновили тренировки Более 800 юных пловцов снова могут заниматься в полностью обновленном бассейне, где созданы все необходимые условия. Здание функционирует с 2014 года и с момента ввода в эксплуатацию не ремонтировалось. Причинами закрытия комплекса стало протекание кровли, оседание грунта и скопление воды в подвале. Подрядная организация ТОО «Альтаир-СК 7» за семь месяцев провела внутренние и внешние ремонтные работы на сумму 388,12 млн тенге и восстановила бассейн. Теперь спортивный комплекс готов для тренировок и соревнований. Стоит отметить, что во время капитального ремонта тренировки спортсменов не прекращались и проводились в другом бассейне.
«Ремонтные работы длились семь месяцев и завершились вовремя. Основные проблемы были связаны с крышей и подвалом. Кровля была заменена, проведены работы по изоляции подвала. Заменено 1600 квадратных метров кафеля, обновлены системы вентиляции и отопления. Родители и дети радуются обновленному зданию»,— рассказал директор бассейна Ермек Жетимеков. В Актюбинской области продолжается строительство спортивных объектов в соответствии с поручением Президента о развитии массового и детско-юношеского спорта.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi