Айта кету керек, Терісаққан тұрғындары жаңа мектепті үш жыл күтті. 1967 жылы салынған ескі мектеп бірде-бір жөндеуден өткен емес. Техникалық тексеру нәтижелері бойынша ғимарат апатты деп танылды. Содан кейін 2022 жылы ауылда жаңа мектеп салына бастады. Алайда, «Ер-Қанат Сервис» ЖШС құрылыс жұмыстарын толық аяқтаған жоқ. Аталған мердігермен шарт бұзылды. 2023 жылы жоба қайта түзетілгеннен кейін «Стронеф» ЖШС жаңа мердігер ретінде анықталды. Былтыр Қобда ауданына жұмыс сапары аясында облыс әкімі мердігер ұйымның өкіліне жұмыстарды сапалы орындауды және ғимаратты мерзімінде аяқтауды тапсырды. Бір жылдан кейін жаңа мектеп оқушыларға есігін айқара ашты. Терісаққан орта мектебінің директоры Ұлпан Санакаеваның айтуынша, жаңа оқу орнында 95 оқушы оқиды. Оқыту екі тілде жүргізіледі: мемлекеттік және орыс. Тоғыз оқу кабинеті, компьютерлік сынып, спортзал, кітапхана, асхана бар. Мектепте үйірмелер ұйымдастырылады. Сабақтарды өткізу үшін жаңа жабдықтар мен техника сатып алынды. Ресми ашылу рәсімінен соң, жергілікті тұрғындар мектепті аралап шықты. Балаларға барлық жағдай жасалғанына дән риза.
Стоит отметить, что новую школу жители Терисаккана ждали три года. В старой школе 1967 года постройки ни разу не проводился ремонт. По результатам техобследования здание было признано аварийным. Тогда в 2022 году в селе начали строить новую школу. Но ТОО «Ер-Канат Сервис» не завершил работы на объекте. С данным ТОО расторгли договор. После корректировки проекта в 2023 году новым подрядчиком стал ТОО «Стронеф». В рамках рабочей поездки в Кобдинский район аким области поручил представителю подрядной организации качественно выполнить работы и сдать объект в срок. Спустя год новая школа распахнула свои двери учащимся. По словам директора Терисакканской средней школы Улпан Санакаевой, в новом учебном учреждении будут учиться 95 учащихся. Обучение будет вестись на двух языках: государственном и русском. Есть девять учебных кабинетов, компьютерный класс, спортзал, библиотека, столовая. В школе организуют занятия по кружкам. Для проведения уроков приобретено новое оборудование и техника. Сразу после официального открытия местным жителям провели экскурсию по школе. Все остались довольны условиями, которые созданы для детей.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi