33 жастағы Нұрлан Бектасовтың үйі, ондағы дүние-мүлкі түгелдей суға кетті. Анасымен тұратын ол 3 ай бойы далада қалған жоқпыз, мемлекет тарапынан барлық көмекті алдық дейді.
«Бүгінгі күн біз үшін ерекше есте қалмақ. Үш ай бұрын бізді эвакуациялағанда, тағдырымыз одан әрі қалай боларын білмедік. Бүгін бізге қала орталығынан пәтер беріліп жатыр. Мұндай қуанышқа қалай сенерімді білмей тұрмын. Қиын кезде қол ұшын созып, демеу болған жандарға алғысымыз шексіз»,— деп ақтөбелік Нұрлан Бектасов өз қуанышымен бөлісті. Облыс орталығындағы «Бұтақ» бау-бақша ұжымының тұрғыны Жарқын Қалаубаева жаңа үйінің кілтін алып тұрып, көз жасына ерік берді. Қиын күндерінің артта қалғанына сенетін ана сын сағатта қол білдірген жандарға ризашылығын айтты.
«Осыдан екі ай бұрын су тасқыны орын алды. Қиын жағдайлар басымыздан өтті. Бәріміз зардап шектік. Президентімізге рахмет. Аз ғана уақыттың ішінде бізді үйлі қылып, баспана кілтін беріп жатқанына. Осы жердегі барлық азаматтарға аналық алғысымды білдіремін. Біз қиналғанда қиналып, қуанғанда қуанып, қасымызда болғандарыңыз үшін. Мұндай апат болмасын. Ел аман, жұрт тыныш болсын»,- деді ол.
Среди обладателей квартиры в центре города оказался 33-летний Нурлан Бектасов, который во время паводка лишился единственного дома и всего имущества. Он живет с матерью. Мужчина говорит, что с момента эвакуации он и его мать ни дня не оставались без помощи со стороны государства и местной власти.
«Сегодня для нас особенный день. Когда нас эвакуировали три месяца назад, мы не знали, что будет дальше. Сегодня нам дарят квартиру в центре города. Я не знаю, как поверить в такую радость. Мы благодарны тем, кто протянул руку и поддержал нас в трудную минуту»,— поделился радостью Нурлан Бектасов из Актобе. Жаркын Калаубаева жила в садоводческом коллективе «Бутак» в областном центре. Держа в руках ключ от своего нового дома она не смогла сдержать слез. Женщина выразила благодарность людям, которые в трудную минуту помогли ей.
«Два месяца назад произошло наводнение. Мы прошли через большие трудности. Было страшно тогда. Спасибо нашему Президенту. В короткие сроки нас обеспечили новым жильем. Выражаю благодарность всем присутствующим здесь людям. Тем, кто был с нами, когда нам было больно, и тем, кто радовался с нами в минуты счастья. Пусть в нашей стране больше не будет подобных ситуаций. Пусть казахстанцы живут в безопасности, а наша страна процветает»,- пожелала Жаркын.
Источник. t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi