Стражи правопорядка в Актюбинской области осуществляют мероприятия по охране имущества граждан в затопленных населенных пунктах региона

Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары өңірдің су басқан елді мекендерінде азаматтардың мүлкін қорғау шараларын жүзеге асыруда
Ақтөбе өңірінде көктемгі су тасқынына байланысты облыс орталығында және облыстың 5 ауданында (Мұғалжар, Темір, Ойыл, Қобда, Әйтеке би) төтенше жағдай режимі жарияланды.
Полицейлердің, құтқарушылардың, әскери қызметшілер мен еріктілердің күшімен 6931 адам эвакуацияланды, оның ішінде 2777 бала, олардың бір бөлігі уақытша орналастыру пункттерінде. Сонымен қатар, ауылдық жерлерде 7 мыңнан астам мал қауіпсіз жерге шығарылды.
Құтқару іс-шараларына және қоғамдық тәртіпті сақтауға 860 полиция қызметкері мен 572 әскери қызметші, 206 бірлік техника жұмылдырылды.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері су басқан аудандарда және эвакуациялық пункттерде қоғамдық тәртіпті сақтауға, жолдарды жабуға және инертті материалдарды төсеуге жұмылдырылды.
Бұдан басқа, су басқан аймақтарда құқыққа қайшы әрекеттер мен тонау фактілерін болдырмау мақсатында тәулік бойы патрульдеу ұйымдастырылды, 800-ден астам нысан күзетке алынды: бұл - тұрғын үйлер, сауда объектілері және т. б.
“Облыстың ішкі істер органдарына тонау фактілері туралы ресми мәлімдемелер түспегеніне қарамастан, азаматтар су басқан үйлерде қалған мүліктерінің сақталуына алаңдайды. Сондықтан, полиция су басқан елді мекендерде мүліктің ұрлануына жол бермеу бойынша қосымша шаралар қабылдады”, - деді ПД ЖПҚБ бастығы Айдос Құлжанов

Стражи правопорядка в Актюбинской области осуществляют мероприятия по охране имущества граждан в затопленных населенных пунктах региона

В Актюбинской области в связи со сложившейся паводковой обстановкой, объявлен режим ЧС в областном центре и 5 районах области (Мугалжарский, Темирский, Уилский, Хобдинский, Айтекебийский).
Усилиями полицейских, спасателей, военнослужащих и волонтеров эвакуировано 6931 человек, из них 2777 детей, часть из которых находятся в пунктах временного размещения. Кроме того, в сельской местности в безопасные места выведены более 7 тысяч голов домашнего скота.
Вместе с тем, в спасательных мероприятиях и в охране общественного порядка задействовано 860 сотрудников полиции и 572 военнослужащих, 206 единиц техники.
В настоящее время сотрудники полиции задействованы в охране общественного порядка в подтопленных районах и в эвакуационных пунктах, перекрытии дорог и укладке инертных материалов.
Кроме того, в целях недопущения фактов противоправных деяний и мародёрства в зонах подтопления, организовано круглосуточное патрулирование, взято под охрану более 800 объектов – это жилые дома, объекты торговли и т.д.
«Несмотря на то, что официальных заявлений о фактах мародерства в органы внутренних дел области не поступало, граждане обеспокоены вопросами сохранности своего имущества, оставленного в затопленных домах. Полицией предприняты дополнительные меры по недопущению мародерства в подтопленных населенных пунктах", - пояснил начальник УМПС ДП Айдос Кулжанов.

Источник.https://www.instagram.com/p/C5N_-onMyVs/

Просмотров: 172
Категория: 
�����