Облыс әкімі атап өткендей, құрылысшы ең құрметті мамандықтардың бірі болып қала береді. Шынында да, олардың арқасында қаламыз өсіп-өркендеп, мыңдаған отбасы өз баспаналарына қол жеткізуде.
«Бүгінде облыста құрылыс саласы қарқынды дамып, ел экономикасы, оның ішінде халықтың әлеуметтік жағдайының артуына айырықша ықпал етіп келеді. Республика көлемінде тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші бойынша алдыңғы үштікке еніп отыр. Жыл сайын 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілуде. Аса маңызды мәселенің бірі халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Биылғы жылы бюджет қаражаты есебінен 3 мыңға жуық отбасының баспаналы болуы үшін несиелік тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 17,4 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде жыл соңына дейін кезекте тұрған 1200 отбасы баспаналы болады. Құрылыс компаниялары биыл бірқатар өңірде, соның ішінде Ақтөбе облысында болған су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге баға жетпес үлес қосты. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінде зардап шеккен отбасыларға облысымызда 502 үй бой көтеріліп жатыр»,- деді құттықтау сөзінде әкім. Асхат Шахаров құрылыс саласының өкілдеріне кәсіби қызметтерінде өркендеу тілеп, марапаттарды табыстады.
Как отметил аким области, строитель остаётся одной из самых почётных профессий. Ведь благодаря им расцветают наши города, а тысячи семей обретают собственное жилье.
«Строительная отрасль активно развивается в регионе и оказывает существенное влияние на улучшение экономики, в том числе социального положения населения. Сегодня наш регион входит тройку лидеров по республике по темпам ввода жилья. Ежегодно вводится в эксплуатацию более 1 миллиона квадратных метров. Вопрос обеспечения населения жильём остаётся одним из первостепенных. В этом году за счёт бюджетных средств ведётся строительство кредитного жилья для 3 тысяч семей. На обеспечение жильёмсоциально уязвимых слоёв населения из бюджета выделено 17,4 миллиарда тенге. В результате до конца года жилье получат 1200 семей, стоящих в очереди. Неоценимый вклад строительные компании внесли в оказание помощи пострадавшим от паводка, случившегося в этом году в ряде регионов, в том числе и в Актюбинской области. Согласно поручению Главы государства сегодня в нашем регионе строится 502 дома для пострадавших семей»,- отметил в поздравительной речи аким. Асхат Шахаров пожелал представителям строительной отрасли процветания в их профессиональной деятельности и вручил достойным награды.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi