Свыше 105 тысяч государственных услуг оказала миграционная служба ДП Актюбинской области.

Ақтөбе облысы ПД Көші-қон қызметі 105 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті.

Көші-қон қызметінің басты басымдықтарының бірі – мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсету. Жыл басынан бері олардың саны 105 мыңнан асты.

Жалпы, облыстағы көші-қон жағдайы тұрақты. Ішкі көші-қонды бақылауды қамтамасыз ету барысында тұрғылықты жері бойынша 28 мыңға жуық азамат тіркелді, сондай-ақ ҚР азаматтарына 51 мыңнан астам паспорт пен жеке куәлік берілді.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі. Қазіргі уақытта көші-қон қызметі басқармасының ғимараты пандустармен және қызметкерлерді көмекке шақыру батырмаларымен жабдықталған.

Халықты құжаттандыру және тіркеу қызметтерін көрсету кезінде жағдай жасау мақсатында ағымдағы жылдың алты айында 112 мүгедектер мен қарттардың үйлеріне барып, қызмет көрсетілді.

Свыше 105 тысяч государственных услуг оказала миграционная служба ДП Актюбинской области.

Одной из главных приоритетов миграционной службы является качественное и своевременное оказание государственных услуг. Только с начала года их оказано свыше 105 тысяч.

В целом, миграционная обстановка в области остается стабильной. В ходе обеспечения контроля за внутренней миграцией по месту жительства зарегистрировано около 28 тыс. граждан, а также выдано – более 51 тыс. паспортов и удостоверений личности гражданам РК.

Кроме того, на постоянной основе ведется работа по созданию комфортных условий для лиц с ограниченными возможностями, в т.ч. при предоставлении им государственных услуг. В настоящее время здание Управления миграционной службы оборудовано пандусами и кнопками вызова сотрудников для помощи. 

В целях создания условий при оказании услуг по документированию и регистрации населения за шесть месяцев текущего года осуществлено 112 выездов на дом к инвалидам и престарелым.

Просмотров: 319
Категория: 
�����