«Сынок, весь аул полностью ушел под воду»: сельчанин, отправивший сыну душераздирающее сообщение, получил новое жилье  

«Балам, ауыл түгел суға кетті»: ұлына жан тебірентер хабарлама жолдаған тұрғын үйлі болды «Қалайсың балам, амансың ба? Әй, ауыл кетті, түгел кетті. Үй де кетті. Үйдің құлағанын көзіммен көрдім ғой. Балабақшаның төбесінде шығып қарап тұрдық. Ауылдың бүкіл үйі құлады. Қойлар тәтенің үйінде, Ойылда. Сиырлар Барқында, ат Барқында (Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы құмды алқап – ред.). ...Аман-есен. Бірақ үйді көзіммен көрдім, құлағанын. Дым қалған жоқ. Опырылып, судың ішіне түсті. Су шатырға жетті ғой. Аман болайық, деніміз сау болсын». Бұл Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Екпетал ауылының тұрғыны Самат Бисенбиннің өзінен үш-төрт күннен бері хабар ала алмай отырған ұлы Тұрарға жіберген аудиохабарламасы болатын.  49 жыл тұрған қара шаңырақтың суға кеткені екі баланың әкесіне оңай тимеген. Көрші ауылға топан су кіргенін естіген ауыл азаматтары бірден сап түзеп, «қалайда туған жерімізді аман алып қаламыз» деп күні-түні еңбектеніп, бөгет салғанымен, апаттан қорғану мүмкін болмады. Осылайша, ауыл халқы бір сәтте әбігерге түсті.

«29 наурыздан бастап ауыл халқын үш жерге орналастырды: спорт мектебі, интернат, колледж жатақханасы. Біз аграрлық колледждің жатақханасына бардық. Бөгет жасап жүргенде телефонымның қуаты бітіп қалған еді. Жатақханаға орналасып, тамақ ішіп болғаннан кейін телефонымды қоссам, WhatsApp-қа көп хабарлама келіпті. Сол кезде ұлыма жағдайды айтқан едім»,– дейді Самат Бисенбин.  Кейіпкеріміз жеті ағайынды. Үйінің кенжесі болғандықтан, қара шаңыраққа ие болып қалған. Әкесі бұл үйге 1971 жылы көшіп келгенін айтады. Содан бері 53 жыл өткен. Ал өзінің тұрып жатқанына 49 жыл болыпты. Екпетал ауылында тұратын екі ағасының үйі де су астында қалған. Қалған бауырлары Ақтөбеде тұрып жатыр. Ойылдық азаматтың ұлына жіберген аудиохабарламасы әлеуметтік желіде таралып кеткеніне басында сенбегенін айтады. Жалпы, ол туралы жұрттан естіпті. Өйткені телефон қарауға мұрша болмаған.  Самат Бисенбин жақында ғана үйлі болды. Жаңа баспанасының құжатын жасатып қойған тұрғын енді екі баласымен бірге тұрғысы келетінін айтады.

«Бізге аудан орталығынан үй сатып аласың, үй саласың немесе Үкімет салып берген үйде тұрасың деген үш шарт болды. Аудан орталығынан үй қарадық. Қазір құжатын реттеп, өзіме аудартып қойдық»,- дейді кейіпкеріміз.  Жалпы, Ойыл ауданы бойынша 328 үй су тасқынынан зардап шекті. Бүгінгі күні жапа шеккен 93 отбасы екінші нарықтағы үйге көшті. 21 отбасыға үйін жөндеу үшін 64 млн теңгеден астам сома бөлінген. 299 отбасы келтірілген залалға 128 теңгеден астам сома алды.

«Сынок, весь аул полностью ушел под воду»: сельчанин, отправивший сыну душераздирающее сообщение, получил новое жилье   «Здравствуй, сынок, в порядке ли ты? Аул затопило, полностью затопило. И наш дом тоже. Я своими глазами видел, как наш дом обвалился. Мы стояли на крыше детского сада и смотрели. Многие дома в селе упали. Наши овцы, коровы остались в песчаной долине Баркын. Живы. Но разваливающийся дом видел своими глазами. Ничего не осталось. Вода достигла крыши. Ничего, главное, чтобы все были живы и здоровы». Это аудиосообщение житель села Екпетал Уилского района Самат Бисенбин отправил сыну Турару, которому в течение 3-4 дней не мог дозвониться и рассказать о положении дел.     Отцу двоих детей, который поддерживал очаг в отчем доме на протяжении 49 лет, разрушение дома далось нелегко. Как только сельчане услышали, что в соседнее село зашла вода, стали днями и ночами обустраивать валы, дамбы, надеясь защититься от большой воды. Но не удалось.  

«С 29 марта жителей стали размещать по трем пунктам – в спортивной школе, интернате и общежитии колледжа. Нас направили в общежитие. Пока боролись с водой и обустраивали дамбы, мой телефон разрядился. Когда разместились в общежитии, мы поели, и я поставил телефон на зарядку, включил его. В WhatsApp пришло много сообщений. Тогда и рассказал сыну о случившемся»,- вспоминает Самат Бисенбин.    Родители нашего героя воспитали семерых детей. Как младший сын он остался в отчем доме. Рассказал, что его отец переехал в этот дом в 1971 году. Прошло уже 53 года с той поры. Сам он проживает под отчим шаныраком 49 лет. Дома двух его братьев, которые также живут в Екпетале, ушли под воду. Остальные родственники живут в Актобе.    Аудиосообщение, отправленное Саматом Бисенбиным сыну, широко распространилось в социальных сетях. Наш герой узнал об этом позже, от знакомых.     И вот на днях семья Бисенбиных обрела новый дом.   

«Нам предложили на выбор один из трех вариантов – купить жилье в районном центре, построить новый дом или въехать в построенное на средства государства. Мы посмотрели дома в райцентре. Сейчас привели в порядок документы, оформил на себя»,- рассказывает сельчанин.    В целом, в Уилском районе в результате паводков пострадали 328 домов. На сегодня 93 семьи из числа пострадавших въехали в дома из категории «вторичное жилье». Для ремонта домов 21 семьи выделено свыше 64 миллионов тенге. 299 пострадавшим семьям выплачено свыше 128 миллионов тенге в качестве возмещения ущерба.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 154
Категория: 
�����