Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды, жол-көлік оқиғаларын, сондай-ақ жол апаттары салдарынан азаматтардың жарақаттануы мен қаза болуын азайту мақсатында жергілікті атқарушы органың қолдауымен Ақтөбе қаласының көшелері мен облыстың 11 елді мекенінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды тіркеуге арналған бейнекамералар пайдалануға беріледі.
Ағымдағы жылдың басынан бері облыс аумағында 374 ЖКО тіркелді, онда 67 адам қайтыс болып, 482 адам зардап шекті.
Осыған байланысты, жолдардың аса қауіпті учаскелерінде жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркеу үшін бейнебақылау және бейнеталдау жүйесін, сондай-ақ фото-бейне түсіру камераларын орнату туралы шешім қабылданды.
ПД ӘПБ бастығының міндетін атқарушы Еркін Өтегеннің айтуынша, осы жоба аясында Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысында 2467 қоғамдық бақылау камерасы, 94 жол жүрісі ережелерін бұзушылықты тіркеудің аппараттық-бағдарламалық кешені, өртті анықтау және жолын кесу бойынша 24 кешен орнатылады. Сондай-ақ, маңызды объектілерден, аулалардан, супермаркеттерден, адамдар көп жиналатын орындардан 2800-ге жуық қолданыстағы камераларды бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне біріктіру жүргізіледі. Осылайша, полиция азаматтардың өтініштеріне бұрынғыдан да жедел ден қоя алады.
"Бұл біздің қаламыздағы өмірді жақсартуға бағытталған маңызды қадам екеніне сенімдіміз. Жол қозғалысы ережелерін сақтау өңіріміздің тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі мен жайлылығының кепілі болып табылады", - деді Е.Өтеген.
В целях снижения преступности, уголовных и административных правонарушении, дорожно-транспортных происшествии, а также травматизма и гибели граждан в результате ДТП при поддержке местных исполнительных органов на улицах города Актобе и 11 населенных пунктов области будут введены в эксплуатацию камеры фиксации правонарушении.
Так с начало текущего года на территории области зарегистрировано - 374 ДТП, где погибло - 67, пострадало – 482 человек.
В связи с вышеизложенным было решено внедрить систему видеонаблюдения и видеоаналитики, а также камеры фото-видео фиксации нарушении ПДД на особо опасных участках дорог.
По словам исполняющего обязанности начальника УАП ДП Еркин Утеген, в рамках этого проекта в г.Актобе и Актюбинской области будут установлены 2467 камер общественного наблюдения, 94 аппаратно-программных комплексов фиксации нарушении ПДД, 24 комплекса по выявлению и пресечению пожаров. Так же пройдёт интеграция порядка 2800 существующих камер с критически важных объектов, дворов, супермаркетов, мест скопления людей в единую систему видеомониторинга. Таким образом полиция сможет еще быстрее реагировать на обращения граждан.
«Мы уверены, что это важный шаг, направленный на улучшение жизни в нашем городе. Соблюдение законности и правил дорожного движения является залогом безопасности и комфорта жителей и гостей нашего региона» - резюмировал Е.Утеген.