Тамара Дүйсенова Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасының қатысушыларымен кездесті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Ақтөбе облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылармен кездесіп, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мәселелері бойынша аудан және ауыл әкімдерімен кеңес өткізді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасын іске асыру нәтижелеріне оң баға берді. Жоба аясында ауыл тұрғындары өз ісін ашу үшін жеңілдігі бар шағын несие алады. Сондай-ақ, бизнеспен айналысқысы келетіндер үшін мемлекет қайтарымсыз гранттар береді. Қобда ауданының тұрғыны Рәзия Ғалиева «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 8,5 млн теңге несие қаражатын алып, тігін шеберханасын ашты. Мемлекеттік қолдау аясында бөлінген қаражатқа ол киім тігіп шығару мүмкіндігін кеңейтетін станок сатып алған. Қазір мұнда 16 адам жұмыс істейді. Олардың жартысы «Күміс жас» бағдарламасымен жұмысқа орналастырылыпты, 1 қызметкер «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында келген. Вице-премьер жобаға қатысып жатқан басқа да жандармен кездесті. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру бағдарламасы түрлі салаларда бизнеспен айналысуға мүмкіндік берді.
Тамара Дуйсенова встретилась с участниками программы «Ауыл аманаты» в Актюбинской области Заместитель Премьер-Министра РК Тамара Дуйсенова встретилась с участниками программы по повышению доходов сельчан «Ауыл аманаты» в Актюбинской области и провела совещание с акимами районов и сел по вопросам поддержки местных товаропроизводителей. Глава государства в Послании народу Казахстана положительно оценил результаты реализации проекта по повышению доходов сельчан «Ауыл аманаты». В рамках проекта жители села получают льготные микрокредиты для открытия своего дела. Также для желающих заняться бизнесом государством предоставляются безвозвратные гранты. Жительница Кобдинского района Разия Галиева получила 8,5 млн тенге кредитных средств в рамках программы «Ауыл аманаты» и открыла ателье. На выделенные в рамках господдержки средства она приобрела станок, который расширил возможности производства одежды. Сейчас у нее в ателье работают 16 человек: половина из них трудоустроены в рамках программы «Серебряный возраст», 1 сотрудник трудится в рамках проекта «Первое рабочее место». Вице-премьер встретилась и с другими участниками проекта. Программа по повышению доходов сельчан позволила людям заняться бизнесом в самых различных сферах.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi