Ақтөбеліктің телефонын қоңырау шалуға сұрап алып, атына несие рәсімдеген
2023 жылдың шілде айында Ақтөбе қаласындағы көлік жуу орындарының бірінде онша таныс емес жігіт 20 жастағы ақтөбеліктің ұялы телефонын қоңырау шалуға сұрап алған. Біраз уақыт өткеннен кейін ақтөбелік жігіт өзінің атына банктік қосымша арқылы «Айфон-14» ұялы телефонына тауарлық несие рәсімделгенін білген. Жәбірленушіге келтірілген шығын 632.490 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері Батыс Қазақстан облысының 23 жастағы тұрғынын анықтап ұстады.
Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақтөбе облысының полиция департаменті мұндай қылмыстың құрбаны болмау үшін өз мүлкіңізді, оның ішінде ұялы телефоныңызды бейтаныс немесе онша таныс емес адамдарға бермеуді сұрайды.
У актюбинца попросили позвонить с телефона и оформили на него кредит на «Айфон-14»
В июле текущего года малознакомый парень находясь в автомойке г.Актобе обманным путем под предлогом позвонить с телефона, оформил через банковское приложение товарный кредит на сотовый телефон «Айфон-14» на имя владельца телефона.
Сумма ущерба, причиненного к 20-летнему актюбинцу составил 632.490 тенге.
В ходе проведения оперативно-розыскных мероприятий сотрудники криминальной полиции установили и задержали 23-летнего жителя ЗападноКазахстанской области.
По данному факту возбуждено уголовное дело по части 2 статьи 188 Уголовного кодекса Республики Казахстан (кража).
Департамент полиции Актюбинской области настоятельно рекомендует не передавать свой мобильный телефон незнакомым или малознакомым людям, во избежания стать жертвой такого преступления.