Өнертапқыш оқушымен кездесті Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Әлімбет орта мектеп-балабақшасының 4-сынып оқушысы Нұрталап Бақытжанов облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырханмен кездесті. Нұрталап – «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының тұрақты қатысушысы. Ол екі жыл қатарынан осы байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпазы атанып, өз дарынын дәлелдей білді. Ол АЭС-тің шағын макетін құрастырды. Бұл жобасы арқылы энергия көздерін тиімді пайдаланудың маңыздылығын және ғылымға қызығушылығын көрсетті. Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан Қазақстанның дарынды, білімді жастарының қатары жылдан-жылға артып келе жатқанын мақтанышпен атап өтті. Ол Нұрталаптың білімге деген құштарлығын жоғары бағалап, оның алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жететініне сенім білдірді. Сондай-ақ, жас ғалымның жетекшісі Бақытжан Байдуллаұлы шәкіртінің шығармашылық қабілетін дамытуда қолданған әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, тәжірибесін ортаға салды. \ Кездесу соңында Жолдас Нұрланұлы Нұрталапқа облыс әкімінің Алғыс хаты табыстап, болашақта үлкен биіктерден көріне беруіне тілектестік білдірді.
Встреча с юным изобретателем Учащийся 4-го класса средней школы-сада села Алимбет Каргалинского района Актюбинской области Нурталап Бахытжанов встретился с заместителем акима области Жолдасом Батырханом. Нурталап – постоянный участник республиканского конкурса исследовательских проектов и творческих работ «Зерде». Два года подряд он становился победителем областного этапа конкурса, на котором демонстрировал свои возможности. Нурталап создал макет мини-атомной электростанции. С помощью этого проекта юный изобретатель показал важность эффективного использования источников энергии и свою заинтересованность в науке. Во время встречи заместитель акима области Жолдас Батырхан с гордостью отметил, что число одаренной и образованной молодежи в Казахстане с каждым годом растет. Он высоко оценил стремление Нурталапа к знаниям и выразил уверенность, что тот добьется больших успехов в будущем. Наставник юного проектировщика Бахытжан Байдуллаулы рассказал о методах, которые он применял для развития творческих способностей своего ученика, а также поделился своим опытом. В завершение встречи Жолдас Нурланович вручил Нурталапу благодарственное письмо от акима области и пожелал ему достичь еще больших высот в будущем.
Источник. t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi