Ел басына күн туса, ер етікпен су кешер
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының учаскелік полиция инспекторы су басқан ауылдан тұрғындарын алып шығу үшін бірнеше сағат бойы етігімен су кешкен
29 наурызда Ырғыз өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты, аудандағы Талдысай ауылында үйлерді су басу қаупі туындаған. Полицейлер күндіз үйлерді жеке аралап ескертіп, тұрғындарды эвакуациялық пункттерге жеткізген.
Алайда, кейбір ауыл тұрғындары үйлерін тастап кетуден бас тартып, қауіпті аумақтарда қала берген. Олардың өмірі мен қауіпсіздігіне алаңдаған учаскелік инспектор Дархан Кемелтаев таңға дейін ауылда күзетте болған. Келесі күні таңғы 4 шамасында су күрт көтеріліп, үйлерге кіре бастаған. Қалың мұзды сең мен судың салдарынан ауылда жарық та өшкен.
Кірер көшелер қалың сеңді су астында қалғаннан кейін Дархан артқы қоршаулардан секіріп өтіп жүріп, үйлерінде ұйықтап жатқан адамдарды, барлығын оятып, үйден шыға алмай қалғандарды жол бастап сулы аймақтардан алып шығуға кіріскен. Салқын суға ойланбастан етігімен қойып кеткен ол таңға дейін жүгіріп жүріп, әріптесі Айбек Алтынбаевпен бірге тұрғындарды қауіпті аймақтардан алып шығып, көлігімен аман-сау эвакуациялық пунктке жеткізген.
Участковый инспектор полиции Айтекебийского района Актюбинской области находился несколько часов по колено в воде, вывозя жителей из затопленного села
29 марта в связи с повышением уровня воды реки Иргиз, в селе Талдысай возникла угроза подтопления.
Днем полицейские обходили поселок и предупреждали жителей о необходимости покинуть дома, также перевозили их в эвакуационные пункты. Несмотря на это, некоторые сельчане отказались от эвакуации и продолжали оставаться в своих домах.
Обеспокоенный за их жизни и безопасность участковый инспектор Дархан Кемелтаев до утра дежурил в селе. Ближе к утру, примерно в четыре часа, вода резко начала подниматься и вошла в поселок
От крупных ледяных глыб и потопа в селе отключился свет.
Так как улицы были затоплены,
Дархан перепрыгивал через задние дворы, будил людей, спящих в своих домах и начал помогать тем, кто не смог самостоятельно выйти из дома. Не раздумывая, он до утра вместе со своим коллегой Айбеком Алтынбаевым вывел
жителей из затопленных зон и благополучно доставил их на служебной машине в эвакуационный пункт.