Шалқарлық мұғалім садақ атудың қыр-сырын меңгеріп, шәкірт тәрбиелеуде Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы №8 орта мектептің физика-информатика пәнінің мұғалімі Сәндігүл Әленова ұлттық спорттың бірегей түрі — садақ атуды шәкірттеріне үйретіп қана қоймай, өзі де халықаралық жарыстарда топ жарып жүр. Ұстаздық пен садақшылықты қатар алып жүрген ол бүгінде аудан жастарын осы өнерге баулып, ұлттық рухты оятуға барын салуда. Сәндігүл Әленова 1992 жылы Шалқарда дүниеге келген. 2014 жылдан бері ұстаздық етіп келе жатқан ол, 2019 жылы садақ ату спортына қызығушылық танытып, өз бетімен үйрене бастады. Классикалық ағаш садаққа тапсырыс беріп, алғашқы жаттығуларын көктемнің ызғарлы күнінде сыртта жасап, осы спортқа деген сүйіспеншілігін дәлелдеді. Жеке шеберлігін жетілдіре келе, Сәндігүл 2020 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының «Даму» бағдарламасының әлеуметтік жобалар байқауында жеңіске жетіп, грант иеленді. Осы қаржыға садақ атуға қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, аудан әкімдігінің қолдауымен №1 Аула клубынан арнайы зал ашты. Бүгінде шәкірттері садақ ату шеберлігін меңгеріп, республикалық жарыстарда бақ сынауда. Жас мергендердің арасында Сағындық Қалиев халықаралық «Алтын Орда» турнирінің финалына дейін жетсе, өзі 2023 жылы Ұлттық спорт қауымдастығы және «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы ұйымдастырған «Мергендер мекені» реалити-шоуының финалисі атанды. Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырған сайыстарға қатысып, облыс намысын қорғауда. Сәндігүл Әленова тек садақ атумен шектелмей, жамбы атуды да меңгеріп жүр. Ол Шалқар ауданы Жылтыр ауылындағы «Әлім ата» көкпар командасының жетекшісі, аударыспақтан спорт шебері Алтай Сүйеубаевтың көмегімен ат үстінде садақ атуға машықтануда.
«Біздің бабаларымыз жауынгер халық болған. Олар үшін садақ ату – өмір сүрудің бір жолы еді. Біз осы дәстүрді қайта жаңғыртуымыз керек», — дейді ол.
Қазақтың жауынгерлік өнерін қайта тірілтіп, ұлттық рухты жаңғыртып жүрген Сәндігүл Әленованың ісі көпке үлгі. Оның садақшылыққа деген құштарлығы мен шәкірттеріне деген қамқорлығы ұлттық спорттың жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашары сөзсіз.
Учитель из Шалкара осваивает искусство стрельбы из лука и обучает этому учеников. Учитель физики и информатики средней школы № 8 города Шалкар Актюбинской области Сандыгуль Аленова не только обучает своих учеников национальному виду спорта — стрельбе из лука, но и сама добивается успехов на международных соревнованиях. Совмещая преподавание и увлечение стрельбой из лука, она активно приобщает молодежь района к национальным традициям, пробуждая в них чувство патриотизма. Сандыгуль Аленова родилась в Шалкаре в 1992 году. С 2014 года работает учителем, а в 2019 году начала интересоваться стрельбой из лука и самостоятельно осваивать этот вид спорта. Она заказала классический деревянный лук и начала тренироваться на улице в холодные весенние дни, проявляя тем самым свою увлеченность этим видом спорта. Усовершенствовав свои навыки, в 2020 году Сандыгуль выиграла грант на конкурсе социальных проектов Программы развития ООН «Даму». На полученные средства она приобрела необходимое обмундирование для стрельбы из лука и при поддержке районного акимата открыла специализированный зал в клубе №1. Сегодня ее ученики осваивают искусство стрельбы из лука и принимают участие в республиканских соревнованиях. Среди юных стрелков Сагындык Калиев дошел до финала международного турнира «Алтын Орда», а сама Сандыгуль в 2023 году стала финалисткой реалити-шоу «Мергендер мекені», организованного ассоциацией национальных видов спорта и телеканалом «Qazaqstan». Она также защитила честь области на соревнованиях, организованных ассоциацией национальных видов спорта. Сандыгуль Аленова не ограничивается только стрельбой из лука — она также осваивает навыки стрельбы с лошади - жамбы ату. Под руководством мастера спорта по аударыспаку, руководителя команды по кокпару «Әлім ата» из села Жылтыр Шалкарского района Алтая Суйеубаева она совершенствует навыки стрельбы верхом.
«Наши предки были воинственным народом. Для них стрельба из лука была способом выживания. Мы должны возродить эту традицию», — говорит она.
Дело Сандыгуль Аленовой, возрождающей казахское воинское искусство и пробуждающей национальный дух, является примером для многих. Ее страсть к стрельбе из лука и забота о своих учениках несомненно способствуют поднятию национального вида спорта на новый уровень.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi