Улболган - призер чемпионата Азии!

Ұлболған - Азия чемпионатының жүлдегері!

2023 жылдың 21-24 маусымында грэпплингтен Астанада өткен Азия чемпионатында Мұғалжар ауданы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы полиция аға лейтенанты Ұлболған Жақсылықова күмістен алқа тақты.

Иран, Үндістан, Өзбекстан, Филиппин, Тәжікстан, Қырғызстан мен Қазақстанның 400-ден астам мықтыларының басын қосқан спорттық додаға жерлесіміз 53 кг салмақ дәрежесінде қатысты.

«Жарыстарға еліміздің атынан қатысу мен үшін үлкен мәртебе болса, оған полиция қызметкері ретінде қатысу – үлкен жауапкершілік. Бұл менің жеңіске деген құштарлығымды екі есе арттыра түседі» - дейді Ұ.Жақсылықова.

Байрақты бәсекелерде намысты қолдан бермейтін қайсар қыз Ұлболған Жақсылықова спорттың самбо, дзюдо, джиу-джитсу, грэпплинг түрлерімен кәсіби түрде айналысып, үнемі биіктерден көрініп жүр. Грэпплингтен және самбодан спорт шеберлігіне үміткер.

Еңбекқор жас спортшы биылдың өзінде грэпплингтен Қазақстан Кубогының жеңімпазы, халықаралық турнирдің қола жүлдегері, джиу-джитсудан халықаралық турнирдің жеңімпазы, республикалық турнирдің күміс жүлдегері атанған  болатын.

Улболган - призер чемпионата Азии!

На чемпионате Азии по грэпплингу который прошел 21-24 июня текущего года в Астане инспектор по делам несовершеннолетних отдела полиции Мугалжарского района старший лейтенант полиции Улболган Жаксылыкова завоевала серебряную медаль в копилку страны.

В спортивном состязании приняли участие более 400 спортсменов из Ирана, Индии, Узбекистана, Филиппин, Таджикистана, Кыргызстана и Казахстана.  Улболган Жаксылыкова в чемпионате представляла честь страны в весовой категории 53 кг, где поднялась на вторую ступеньку пьедестала.  

«Для меня большая честь представлять нашу страну на спортивных состязаниях и приятно вдвойне участие в них в качестве сотрудника полиции.  Это удваивает моё стремление к победе", - говорит У. Жаксылыкова.

Старший лейтенант полиции Улболган Жаксылыкова профессионально занимается самбо, дзюдо, джиу-джитсу и грэпплингом. Кандидат в мастера спорта по грэпплингу и самбо.

Трудолюбивая молодая спортсменка с начала этого года уже стала победительницей Кубка Казахстана по грэпплингу, бронзовым призером международного турнира по грэпплингу, победительницей международного турнира по джиу-джитсу и серебряным призером республиканского турнира по джиу-джитсу.

 

Просмотров: 227
Категория: 
�����