Уроки после паводков: восстановительные работы в системе образования  

Су тасқынынан кейінгі сабақтар: білім беру жүйесіндегі қалпына келтіру жұмыстары  Үкімет отырысында Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан су тасқынынан кейін білім беру мекемелеріндегі қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы баяндады. Ауқымды су 11 мыңнан астам бала оқып жатқан 40 нысанды басты.  Ақтөбе облысында 4 772 оқушы оқитын 7 мектеп пен 6 балабақша зардап шекті. 4 нысанда қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Төрт ғимаратта күрделі жөндеу жұмысының 90%-дан астамы орындалды. 5 жаңа нысанның құрылысы басталды. Бұған Үкімет резервінен 6,2 млрд теңге бөлінді. Балаларды жақын маңдағы мектептерге жеткізу жұмысы ұйымдастырылған.

«Зардап шеккен объектілерді қалпына келтіру процесі, жөндеу жұмыстарын уақтылы аяқтау және оқу процесін ұйымдастыру Министрліктің тұрақты бақылауында»,— деп түйіндеді Еділ Оспан.

Уроки после паводков: восстановительные работы в системе образования  На заседании Правительства вице-министр просвещения Едил Оспан доложил о ходе восстановительных работ в учреждениях образования после паводков. Большая вода подтопила 40 объектов, в которых обучаются более 11 тыс. детей.  В Актюбинской области пострадали 7 школ и 6 детских садов, где обучаются 4 772 учащихся. Завершены восстановительные работы на 4 объектах. Капитальный ремонт в четырех зданиях выполнен более чем на 90%. Начато строительство 5 новых объектов. На это выделено 6,2 млрд тенге из резерва Правительства. Детям организован подвоз в близлежащие школы.

«Процесс восстановления пострадавших объектов, своевременное завершение ремонтных работ и организация учебного процесса находятся на постоянном контроле Министерства»,— резюмировал Едил Оспан.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 235
Категория: 
�����