В 2024 году было начато кредитование предприятий переработки на пополнение оборотных средств

Былтыр өңдеу кәсіпорындарын айналым қаражатымен қамтамасыз ету мақсатында кредит беру басталды. Биыл бұл мақсатқа 48 млрд теңге бағытталады. Мал шаруашылығында қысқа мерзімді қаржыландыруды тарту мәселесі пысықталуда. Алғашқы кезеңде бұл қаражат (50 млрд теңге) ірі қара мал, ұсақ мал бордақылау алаңдары мен құс фабрикаларына бағытталады.    Селекциялық-асылтұқымды жұмысты субсидиялау қайта қаралып, оны жеңілдетілген несиелендіруге көшіру, бордақылау алаңдары мен ет комбинаттарына мал тапсыру нормативтерін арттыру жоспарланып отыр.    Ветеринарлармен өткен кездесудің негізгі тақырыптары – ветеринарлық қызметті дамыту мен цифрландыру, эпизоотиялық тұрақтылықты нығайту.    Аманғали Бердалин өңірдегі эпизоотиялық жағдайды тұрақты ұстау үшін барлық қолжетімді құралдарды тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жануарлары арасында аса қауіпті ауруларға жедел әрекет етудің маңызын еске салды.  

«Мал басын сауықтыру, бруцеллезге серологиялық зерттеулер жүргізу және жануарларды сәйкестендіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуі тиіс»,– деді вице-министр. Ол жергілікті атқарушы органдарға заманауи жылжымалы инсинераторлармен және ветеринарлардың нақты қажеттіліктеріне сай жабдықталған пункттермен қамтамасыз етуді тапсырды.   

TortTulik мобильді қосымшасы мен ауыл шаруашылығының ақпараттық жүйесі сияқты цифрлық шешімдерді енгізу есептілікті тиімді жүргізуге, қағазбастылықты азайтуға және мал ұрлығымен күреске көмектесуі тиіс,– деп түйіндеді вице-министр.      

В 2024 году было начато кредитование предприятий переработки на пополнение оборотных средств. В текущем году на эти цели будет направлено 48 млрд.тенге. В животноводстве прорабатывается вопрос привлечения краткосрочных средств, на первоначальном этапе для откормочных площадок КРС, МРС и птицефабрик в сумме 50 млрд. тенге.    Приняты меры по пересмотру субсидирования селекционно-племенной работы, планируется переход к льготному кредитованию, повышению нормативов за сдачу скота на откормплощадки и мясокомбинаты.    Основными темами на встрече с ветеринарами стали развитие и цифровизация ветеринарной службы, укрепление эпизоотического благополучия.    Амангалий Бердалин подчеркнул необходимость активного использования всех доступных инструментов для сохранения стабильной эпизоотической ситуации в регионе, напомнил о важности своевременного реагирования на случаи особо опасных заболеваний среди сельскохозяйственных животных.  

«Работы по оздоровлению поголовья, серологическим исследованиям на бруцеллез и идентификации животных должны проводиться непрерывно», – отметил вице-министр, поручив местным исполнительным органам обеспечить ветеринарные станции современными передвижными инсинераторами и оборудованными пунктами, соответствующими потребностям специалистов на местах.   

Внедрение цифровых решений, включая мобильное приложение TortTulik и информационную систему сельского хозяйства, должно повысить эффективность учета, сократить бумажную волокиту и помочь в борьбе с кражами скота,заключил вице-министр.  

Источник.@emergovkz

Просмотров: 114
Категория: 
АктобеИнфо